Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасындағы үнсіздік – мәселенің шешімі емес

Отбасындағы үнсіздік – мәселенің шешімі емес

13 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс өзекті мәселелердің бірі. Көп жағдайда жәбірленушілер жақындарының сөзіне, қоғамның көзқарасына немесе жағдайдың одан әрі ушықпауына алаңдап, басынан өткен қиындықты жария етпейді. Алайда үнсіздік мәселені шешпейді, керісінше, оның тереңдеуіне жол ашуы мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек дене жарақатын келтірумен шектелмейді. Қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым көрсету, қаржылық тәуелділікте ұстау да адамның құқығы мен бостандығына қол сұғу болып саналады.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жәбірленушілерге дер кезінде көмек көрсету маңызды. Әрбір азамат зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, қажет жағдайда полицияға немесе тиісті мамандарға хабарласуы керек.

Отбасы – адамның өзін қауіпсіз сезінетін ортасы болуы тиіс. Ал сол ортада қорқыныш емес, сыйластық пен түсіністік үстемдік құруы қажет.

Құралбек Сәбитов

↑