Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Respublica партиясы сайлауалды штабын ашты

Respublica партиясы сайлауалды штабын ашты

108 қаралым

Талғар аудандық Мәдениет үйінде Respublica партиясы сайлауалды штабының ашылу салтанаты өтті. Жиынға партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы, штаб басшысы Ержан Дүйсекенов, осы партиядан облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, қоғам белсенділері қатысты.
Штаб жұмысын ашқан Ержан Нүсіпбекұлы сайлау науқанының маңызы, саяси және қоғамдық дамудың келешегі жайлы өз пікіріп айтып, жиналған жұртқа облыстық және аудандық мәслихаттарға партиялық тізім, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттарды таныстырды.
Шара барысында Талғар қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №2 орта мектептің директоры Зәмзагүл Төлеубекқызы, Тұрар Рысқұлов атындағы №16 орта мектептің директоры Әлия Талғатқызы сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын айтты.
Осылайша Respublica партиясының Алматы облысындағы сайлауалды штабы өз жұмысын бастап кетті.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

Талғар ауданы

↑