Мәселені жасыру — оны шешпеу деген сөз. Көптеген адамдар жақынының ішімдікке салынғанын «ұят болады» деп жасырып, уақытты жоғалтады. Шын мәнінде, көмекке ерте жүгіну, психологтар мен мамандардың көмегіне сүйену — бұл әлсіздік емес, қайта өмір үшін күрес. Қоғамдағы маскүнемдікпен күрес — тек тыйым салумен емес, адамдардың бос уақытын тиімді өткізетін орта қалыптастырумен, салауатты өмір салтын насихаттаумен нәтижелі болмақ.
ЕРЗАТ АСЫЛ

