Той-думандар «ас атасы – нанмен» емес, қызу думанмен басталғалы қашан. «Бір рөмкеден ештеңе етпес», «қонаққа барған соң ішпей қайту – ұят» деген сыңаржақ түсінік санамызға қалай сіңіп кеткенін аңғармай да қалдық. Алайда сол қалыпты көрінетін «аз-маз» ішімдіктің арты біртіндеп адамды қалай тәуелділікке батыратынын және шаңырақты қалай күл-талқан ететінін көбіміз тек қасірет орын алғанда ғана түсінеміз.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

