Ішімдікке тәуелділік — тек жеке адамның проблемасы емес, бұл тұтас бір әулеттің қасіреті. Қоғамда алкогольді әдетке айналдыру «тойдың сәні», «көңіл көтерудің жолы» ретінде қалыпты нәрсе сияқты қабылданады. Бірақ сол стаканның артында бұзылған тағдырлар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жетім қалған балалар мен денсаулығынан айырылған жандар тұр. Алкоголизмнің алдын алу отбасынан, баланың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіруден басталады.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

