Су ресурстарын сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өзен-көлдердің жағалауын қоқыстан тазарту және су көздерін ластамау мәселесіне ерекше назар аударылуда. Тұрғындар арасында суды үнемдеу мен табиғи байлықтарды қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарының да маңызы зор. Әрбір азамат су айдындарының тазалығын сақтауға үлес қосуы керек.
Құралбек СӘБИТОВ

