Қоршаған ортаны қорғау – келешек ұрпақ алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, ағаш отырғызу және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Әрбір адамның күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеті қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосады.
Ерзат АСЫЛ

