Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ САҚТАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ САҚТАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

69 қаралым

Табиғи аумақтар мен орман алқаптарын қорғау – экологиялық тұрақтылықтың негізгі шарттарының бірі. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін табиғат аясында демалушылардың жауапкершілігін арттыру маңызды. Әсіресе өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, ағаштарды зақымдамау және тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау мәселесіне баса мән берілуі керек. «Таза Қазақстан» бастамасы табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өйткені табиғи байлықты сақтау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑