«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы қоршаған ортаны қорғауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Таза әрі көрікті елді мекен құру әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Акция аясында көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Осындай игі бастамалар тұрғындарды табиғатты аялауға және туған жердің тазалығын сақтауға үндейді.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

