Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Телефонға телмірген жүргізуші – жолдағы қауіп

Телефонға телмірген жүргізуші – жолдағы қауіп

102 қаралым

Қазіргі таңда смартфон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда көлік жүргізу кезінде телефонға қарау немесе хабарлама жазу жүргізушінің назарын бөліп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.
Жол үстінде бірнеше секундқа алаңдаудың өзі қауіпті жағдай туғызады. Себебі жүргізуші айналасындағы өзгерістерді дер кезінде байқамай, басқа көлікке немесе жаяу жүргіншіге қауіп төндіруі ықтимал.
Мамандар көлік қозғалысы кезінде телефонды пайдаланбауға, қажет болған жағдайда қауіпсіз жерге тоқтауға кеңес береді. Жолда әр секунд маңызды. Сондықтан рөлге отырған адам үшін басты назар смартфонда емес, жолда болуы тиіс.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑