Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Үй іші – амандық па, әлде жабық қапас па?»: Тұрмыстық зорлық және үнсіздікті бұзу уақыты келді

«Үй іші – амандық па, әлде жабық қапас па?»: Тұрмыстық зорлық және үнсіздікті бұзу уақыты келді

66 қаралым

«Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі», «Жұрттың көзінше сыртқа сөз шығарма», «Өз отбасыңның кірін жұртқа жайма». Осы бір ескірген, санамызға сіңіп қалған стереотиптер қаншама адамның тағдырын тәлкек етіп, төрт қабырғаның ішіндегі тозақты жасырып қалуға мәжбүрлеп келеді. Қазақ қоғамында «ұят болады» деген ұғым талай рет қылмысты жауып, жәбірленушіні үнсіздікке ұшыратты.

Бірақ ең сұмдығы сол – үнсіздік ешқашан құтқарған емес. Керісінше, ол зорлық-зомбылықты тіпті асқындырып, түбі қайғылы қасіретке апарып соғады.

ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

↑