Перейти к содержимому
Басты бет / Құқық-заң / «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

38 қаралым

Алматы облысындағы Алатау қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала жасөспірімдерімен нашақорлықтың, темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың зияны туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың денсаулығына кері әсер ететін зиянды әдеттердің алдын алу.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсіндірді. Сонымен қатар темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың денсаулыққа қауіптілігіне ерекше назар аударылды.

Профилактикалық әңгімелесу кезінде жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, құқықбұзушылықтардан аулақ болу және бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде кеңестер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Алатау қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастардың қауіпсіз болашағын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ
Алатау қаласы

↑