Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Жасыл ел»  – жарқын болашақтың бастауы

«Жасыл ел»  – жарқын болашақтың бастауы

86 қаралым

Алматы облысының Кеген аудандық «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсаты  – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық жұмыстары барысында жасақ мүшелері белсенділік танытып, айналаны қоқыстан тазарту, аумақты ретке келтіру және қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосу бағытында еңбек етті. Жастардың бірлесе атқарған жұмысы  – туған жерге деген жанашырлықтың, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі.

«Жасыл ел»  – тек еңбек жасағы ғана емес, сонымен қатар жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және қоғамға пайдалы іс жасауға үндейтін игі бастама. Осындай жұмыстар арқылы жас буын туған өлкенің тазалығына бейжай қарамай, оның гүлденуіне өз үлестерін қосудың маңыздылығын көрсетіп келеді.

Таза ауыл  – таза болашақ! Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың қолымызда. Табиғатты аялап, тазалықты сақтап, қоршаған ортаға қамқорлық таныту-баршамызға ортақ міндет!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

↑