Ағаштар мен жасыл желектер елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, ауаның сапасын жақсартуға көмектеседі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшеттер отырғызу және жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Жасыл желекті көбейту үшін отырғызылған ағаштарды уақытылы суарып, олардың дұрыс өсуін қамтамасыз ету қажет. Табиғатты көгалдандыруға атсалысу – қоршаған ортаға жасалған маңызды қамқорлық.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

