Ағаш отырғызу мен жасыл аймақтарды көбейту – экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді жолдарының бірі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Жас көшеттерді отырғызумен қатар, олардың күтіміне де жауапкершілікпен қарау маңызды. Себебі әрбір талдың өсіп-жетілуі тұрақты күтім мен жүйелі еңбекті қажет етеді. Жасыл желекке бай ауыл мен қала – келешек ұрпаққа қалатын құнды мұра.
Ерзат АСЫЛ

