Азаматтардың мүлкін (пәтер, көлік, жеке заттар) ұрлықтан қорғау — құқық қорғау органдарының басты басымдықтарының бірі. Бүгінгі таңда қалалар мен аулаларда «Сергек» камералары мен бет-әлпетті тану жүйелерінің орнатылуы қылмыскерлерді тез анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қауіпсіздік технологиямен қатар азаматтардың өзінің сақтығынан да басталады. Есікті ашық қалдырмау, көлікке құнды заттарды көрнекі жерге тастамау сияқты қарапайым ережелер меншікті қорғаудың негізі болып табылады.
ЕРЗАТ АСЫЛ

