☀️
8°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзен жағалауы тазартылды

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Өзен жағалауы тазартылды
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

          «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жамбыл ауданының тұрғындары туған өлкенің тазалығына белсенді қатысуда. Экологиялық шара Қарғалы өзенінің бойында жалғасты. Ауыл жастары ұйымшылдықпен іске кірісті. Олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, кәсіпорын қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және еріктілер болды.

    «AMANAT» партиясының Жамбыл ауданындағы мүшелері де ортақ іске үлестерін қосты. Суықтөбе тауының етегіндегі Қастек өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
    Акцияда 100-ге жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға атсалысты. Жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жөнелтілді.
    – «Таза бейсенбі» экологиялық ак­циясы осындай шағын елдімекендерде де жақсы жолға қойылған. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әрбір азамат өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, айналасын таза ұстауды іс жүзінде көрсете білуі керек деп есептеймін», – дейді «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ықылас Амалбек.
    Экологиялық мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі. «Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Онымен қоса, өңірде төрт полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдар­да қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде бір мың контейнер орнатылады», – дейді облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашева.
    Жалпы акция басталғалы бері Жамбыл ауданындағы 61 елдімекенде 80 мыңнан астам адам сенбілікке қатысып, оған 131 мекеме, 2537 орта және кіші кәсіпорын атсалысты. Сәуір айынан бергі уақыт аралығында тазалау жұмыстарымен 3 мұражай, 51 ескерткіш, 29 мешіт, 22 зират және кесене, 253 көше, 80 шақырым арық, 110 шақырым жол мен үй жанындағы аулалар қамтылды. Бұл жұмыстарға 75 бірлік техника қолданылып, 105 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
    16.03.2026
    ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ
    16.03.2026
    Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
    16.03.2026
    Exit poll: Дауыс бергендердің 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
    16.03.2026
    Алматы облысында референдум қалай өтті?
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>