Аграрлық сектор дамып, жемістер мен көкөністерге сұраныс артып келе жатқандықтан зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді жаппай және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Сонымен қатар, жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Түркістан облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен (шығын 50 мың гектарға жетеді), қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан шығынға ұшырап отыр. Қоңыр мәрмәр қандала және т.б. жаңадан пайда болған зиянкестер қауіп тудырады.
Осыған орай, ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мамандары Алматы облысының фермерлерін өсімдік ауруымен күресудің заманауи әдістерін қолдануды үйретуде. Бұл қауіпті препараттарды қолдануды 60 пайызға дейін азайтуға, оларды қаупі төмен заттарға ауыстыруға, ал кейбір кезеңде тыңайтқыштардан толық бас тартуға мүмкіндік береді.
9-12 шілдеде Шілік пен Байсейіт ауылдарында (Алматы облысы) ФАО, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және ГЭФ-тің «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою» жобасы аясында ұйымдастырылған тренинг өткізілуде.
Тренингке Алматы облысының фермерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық және облыстық, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерін қосқанда 30-ға жуық адам қатысып жатыр.
Атап айтқанда, ФАО сарапшылары өсімдіктерді кешенді қорғау (IPM) туралы айтады. Бұл қауіпті және карантиндік зиянкестердің таралуын бақылауда ұстауға, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және пестицидтерді тұтынуды азайтуға көмектесетін ФАО-ның бірегей құралы. IPM әдістері көптеген елдерде таза топырақты сақтау, биоәртүрлілікті және халықтың денсаулығын қорғау үшін кеңінен қолданылады.
IPM тиімділігін көрсету үшін ФАО 2023 жылы Қазақстанда алма бақтарында, қызанақ пен қырыққабатта сынақтар өткізді. Тәжірибе көрсеткендей, пестицидтерді қолданудың айтарлықтай азайғанына қарамастан, олар ескі әдіспен қолданылған орындармен салыстырғанда жақсы нәтижелерге жеткізген. Сонымен қатар шығындарды көбейтудің қажеті жоқ еді.
Мысалы, кәдімгі тәжірибе бір маусымда 20-дан астам пестицид қолдануды қажет етсе, ал IPM-де тек 6 пестицид қолданылады, яғни экономикалық тиімділігі 80 пайыздан астам болды. Бұл орайда токсикологиялық бағалау топырақта да, жемістерде де химиялық заттардың іздерінің жоқтығын көрсетті, бұл өскен өнімнің «тазалығын» көрсетеді.
Жанна Исина, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың күшеюі Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын қатты алаңдатып отыр. Көптеген елдер өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза технологияларына белсенді түрде көшіп жатқанда, қазіргі уақытта Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары улы пестицидтермен өңдеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем қате көзқарас. Топырағымыз бен экологиямызды сақтау, қауіпсіз ауыл шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштардың мөлшері мен өңдеу мерзімін оңтайландыру қажет. Ерекше қауіпті пестицидтерге балама таңдау да маңызды жайт, бұл қауіптілік класы 3-4 пестицидтерді, биофунгицидтер мен биоинсектицидтерді қолдануды қажет етеді».
Алынған нәтижелерді тарату және IPM әдістерін көрсету мақсатында Алматы облысында ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында фермерлер мен бағбандарға арналған тренингтер сериясын өткізу ұсынылды. Тренинг тұрақты ауыл шаруашылығы тәжірибесін енгізу үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге бағытталған. IPM принциптері, үш рет шаю әдістері және бүріккіш жүйелерді дұрыс пайдалану зиянкестерге қарсы күресті күшейтеді, сонымен бірге пестицидтер қаупін азайтады.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары улы пестицидтермен өңдеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем қате көзқарас. Топырағымыз бен экологиямызды сақтау, қауіпсіз ауыл шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштардың мөлшері мен өңдеу мерзімін оңтайландыру қажет. Ерекше қауіпті пестицидтерге балама таңдау да маңызды жайт, бұл қауіптілік класы 3-4 пестицидтерді, биофунгицидтер мен биоинсектицидтерді қолдануды қажет етеді», – деп атап өтті Жанна Исина, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі.
Тренингтің тағы бір маңызды бөлігі пестицидтердің бос контейнерлерін пайдалану мәселесіне арналған. Өкінішке орай, Қазақстанның көптеген өңірлерінде мұндай қалдықтарды жинау және өңдеу жүйесі әлі де жоқ. Нәтижесінде пестицидтерге арналған контейнерлер полигондарға түсіп, өртеніп кетеді. Пестицидтердің қалдықтары төгіліп, топырақ пен су қоймаларына сіңіп, қоршаған ортаны ластайды. Шаруалар контейнерлерді күнделікті өмірде, әсіресе азық-түлік мақсатында пайдаланса, одан да қауіпті.
«Тәжірибе көрсеткендей, адамдар бос канистрлерді дұрыс жууды білмейді. Көбінесе олар мүлдем жуылмайды және пестицидтердің қалдықтарымен бірге кәдеге жаратуға жіберіледі. Ең сорақысы, олар суды немесе тағамды сақтау үшін контейнерлерді пайдаланады. Пестицидтердің қалдықтарымен жанасу адамдарда улану және басқа да ауыр ауруларды тудыруы мүмкін». – деп атап деп айтып кетті Әсел Шаханова, ФАО-ның пестицидтерге арналған контейнерлерді басқару жүйесі бойынша ұлттық кеңесшісі.
Сарапшы контейнерлерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін үш рет шаю технологиясын қалай қолдану керектігімен бөлісті.
«Зерттеуге сәйкес, бірінші жуудан кейін пестицид қалдықтары бастапқы мөлшерден 1,4%-ға, екіншісінен кейін 0,021%-ға, үшіншіден кейін 0,00035%-ға дейін азаяды. Бұл үш рет жуу әдісі қауіпті заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтып, контейнерлерді кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді қауіпсіз етеді дегенді білдіреді, – деді Әсел Шаханова.
Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты Фитосанитарлық зертханалық талдау орталығының меңгерушісі Гүлмира Исенова өз кезегінде пестицидтерді кеңінен және көбінесе бақылаусыз қолдану қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Атап айтқанда, жасуша деңгейіндегі зат алмасудың бұзылуына, қатерлі ісік, лейкоз, қант диабеті, глоукома, церебральды сал ауруы, ұрықтың өсу және даму патологиясы, фауна мен флораның өлуі және т.б.
«Ауаның, ауыз судың, топырақтың, тамақ өнімдерінің пестицидтердің қалдықтарымен ластануы химиялық факторды адам денсаулығына қауіп төндіретін жетекші факторлардың бірі ретінде қарастыруға негіз береді. Пестицидтерді қолданудың жағымсыз салдарларының алдын алуда олардың қоршаған орта объектілеріндегі, өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі, жемшөп пен азық-түлік өнімдеріндегі улы қалдықтарының құрамын гигиеналық нормаларға сәйкес бақылау маңызды рөл атқарады», – деп қосты Гүлмира Исенова.
Қазақстандағы ФАО жобасының ұлттық менеджері Салтанат Баешова: «Біз өсімдіктерді зиянкестерден кешенді қорғау бойынша сынақтар жүргіздік және айтарлықтай нәтижелер алдық, бұл іс жүзінде пестицидтерді зиянкестерден қорғаудың биологиялық әдістерімен біріктірілген жағдайда пестицидтерді бірнеше есе аз қолдануға болатынын көрсетті. Ендігі ең бастысы – фермерлер бұл әдістің экологиялық қауіпсіздігін ғана емес, экономикалық тиімділігін де түсінуі үшін осы нәтижелерді тарату. Осы мақсатта біз фермерлерге бұл тренингтерді өткізіп отырмыз» – деп атап өтті.
ФАО жақын арада осындай оқуды Қазақстанның барлық аймақтарында өткізуді көздеп отыр.