-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Шөбі шүйгін

    16.07.2024
    in Ауыл шаруашылығы
    Шөбі шүйгін

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

          Жамбыл ауданында малдың басым бөлігі жайлауға шығарылды. Түлік иелері мал-жанын тауға көшіруді маусымның басынан бастап, айдың аяғына дейін өздеріне тиесілі сай-салаға орналастырып болды.

    Биылғы көктемнің жаңбырлы болуынан таудың шөбі қалың шықты. Жайылымы ауыстырылған түлік енді мұнда күзге дейін қоңданып, төлі де тез жетілетін болады. Жайлауға қоныс­танғандардың қатарында көптеп мал ұстайтын жеке адамдар да, шаруа қожалықтары да бар.
    – Аудандағы 24 ауылдық округтің 23-індегі шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде 20 округтің тауда өз жайлаулары бар, малдары жазда сонда бағылады. Тек Күрті аймағындағы Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм округтерінің ғана жайлауы жоқ. Себебі Күрті ауданы таратылғанда оның құрамындағы осы ауылдарға тиесілі болған Үшқоңырдың басындағы Нар жайлауы көрші ауданға өтіп кеткен, – дейді Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дүйсеналы Еңкелешев.
    Айтуынша, биыл 23 ауылдық округтегі 512 шаруа қожалығының малы жайлауға шығарылады деп жоспарланған болса, қазір соның барлығы дерлік өздеріне тиесілі түліктерін жазғы мекенге көшіріп үлгерді. Ауданда жайлауға шығары­латын малдың саны жылдан-жылға артып келеді. Оның себебі белгілі – шөбі шүйгін, ауасы салқын, суы тұнық тау бөктері төрт түліктің тез жетіліп, қоң жинауына аса қолайлы. Малшы қауымға да жайлау жайлы, әрі экономикалық жағынан да тиімді.
    Шаруа қожалықтарында қолда бар малдың біраз бөлігі жылда жайлауда бағылады. Мәселен, бұл мезгілде сиырдың үштен бірі, қойдың тең жартысы, ал жылқының көбі тауда. Атақоныс атауларын атай кетсек, Ақтекше, Мұздысай, Аққолтық, Құлансаз, Майтөбе, Қарақия, Екіаша, Ақтасты, Әлмерек, Ойжайлау, Бұғымүйіз, Сәбден, Суықтөбе, Қоңыртөбе, Үлкенсаз, Кішісаз, Ботасаз, Көктөбе, Ұяжарған, Алаяқ, Сарысай жайлаулары деп кете береді. Жайлы қоныстардың сай-саласы қазір мыңғырған малға толы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Спорт кешені ашылды

    Спорт кешені ашылды

    1 year ago
    Жеңісті жақындатқан жауынгер

    Жеңісті жақындатқан жауынгер

    4 weeks ago
    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    12 months ago
    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    5 months ago
    Бар мейірім – балаға!

    Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.