-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Қауіпсіздік

    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    16.07.2024
    in Қауіпсіздік
    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

        Техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінде, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескерусіз қалдыруға болмайды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтау адамдар мен қоршаған ортаны қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғайды.

    «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 16-бабына сәйкес, қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдардың басшыларына мерзімі өткен техникалық құрыл­ғыларды уақытылы жаңарту міндеті жүктелген. Осыған орай жаңа технологияларды енгізуді және адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін тозығы жеткен жабдықтарды, техникалық құрылғыларды және желілерді қолданыстан шығаруды бақылау мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бірқатар жұмыстар жүргізуде. Жоспарға сәйкес ескірген, тозығы жеткен жабдықтарды кезең-кезеңімен пайдаланудан шығару мақсатында жұмыстар атқарылуда. Дегенмен департамент жүргізген талдау деректері бойынша соңғы 5 жылда облыстың қауіпті өндірістік объектілерінің тек 13,5 пайызы техникалық қайта жарақтандырудан өткен. Бұған кәсіпорындардың қаржы ресурстарын жеткіліксіз бөлуі, ауыстыру мерзімдерін дұрыс жоспарламау, технологиялық тәртіпті сақтамау және жоспарлы профилактикалық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбеу себеп болып отыр. Бұл туралы облыстық газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистральдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Мөлдір Әлібаева баспасөз мәслихатында баяндады.
    – Департамент қарамағында 1809 нысан тіркелген. Жыл басынан бері 5 кәсіпорында 69 техникалық құрылғы мен желі ауыстырылған. Екінші жарты жылдыққа арналған жоспар бойынша 50 желіні ауыстыру көзделген, – деді спикер. Бұл жұмыстар апатты жағдайлардың алдын-алуға септігін тигізеді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады

    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады

    2 years ago
    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    3 months ago
    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    1 year ago
    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    6 months ago
    Қонаев қаласында грепплингтен чемпионат өтіп жатыр

    Қонаев қаласында грепплингтен чемпионат өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.