⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Наурыз 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Халықаралық турнирде жеңген Алматы облысының көкпар командасы марапатталды

    29.03.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Саясат, Спорт
    Халықаралық турнирде жеңген Алматы облысының көкпар командасы марапатталды
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Жуырда Өзбекстанның Термез қаласында көкпардан өткен халықаралық жарысқа Алматы облысының «Алатау» командасы да қатысты. Өзбекстан Президентінің кубогі сарапқа салынған дүбірлі додада облыс намысын қорғаған «Алатау» көкпар командасы іріктеу сындарынан сүрінбей өтіп, финалда Қырғызстан құрама командасын 12:4 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық жарыстан көрші мемлекет басшысының кубогін еншілеп оралған «Алатау» көкпар командасымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен бөлім басшысы Рахман Шахарбек, облыстық ұлттық спорт және ат спортын дамыту дирекциясының директоры Елдос Тілебалдиев, «Алатау» көкпар федерациясының президенті Сәбит Қасенов, көкпардан облыстың аға бапкері Саят Сыдырманов пен спортшылар қатысты.
    Кездесуде Марат Елеусізұлы ұлттық спорт бай тарихымыз бен салт- дәстүріміздің негізгі нысаны екенін атап өтті.

    – Ұлттық спортты дамытуға, насихаттауға бәріміз міндеттіміз. Осы мақсатта облыста ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Спортшыларды түрлі деңгейдегі жарыстарға жіберу, дайындықтарын қамтамасыз ету және көптеген ірі жарыстарды өткізу сынды жұмыстар жоғары деңгейде жасалып жатыр. Бұған дәлел, күні кеше Термез қаласында өткен халықаралық турнирде Өзбекстан президентінің кубогін жеңіп алған айтулы жеңістеріңіз деп білемін, – деген облыс басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға жоғары деңгейде қолдау көрсетілетін жеткізді.

    Марат Сұлтанғазиев облыста ұлттық спорттың дамуына қосқан сүбелі үлесі мен Өзбекстан президенті кубогы турнирінде жоғары нәтиже көрсеткендері үшін «Алатау» көкпар федерациясының президенті Сәбит Қасеновке және команда бапкері мен спортшыларға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.
    Келесі кезекте еліміздің Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов сөз алып, өзінің сапары барысында осындай кездесуге қатысуын жақсылықтың нышанына балады. Исламбек Төлеубайұлы ұлттық спортты дамыту бағытында жүзеге асырылуы тиіс бірқатар мәселені облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен талқылап, ақылдасқанын айтты.

    Облыста көкпар спортын дамыту мақсатында 2021 жылы «Алатау» көкпар федерациясы құрылған. Федерация команданы аттармен, қажетті құрал-жабдықпен, спорт киімдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, облыстағы ұлттық спорттың төрешілер корпусын құрып, төрешілердің біліктілік санат алуына жұмыс жасап жүр.

    «Алатау» көкпар командасы 2022 жылы Қазақстан Республикасы 1-лигасының жеңімпазы атанған. 2022 жылдың қыркүйек айында Түркия мемлекетінде өткен бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Мәді Сейділдә, Бақытжан Сайдолданов және Темірлан Сейтбеков 1- орын иеленген.

    Айта кетейік, биыл II Азия чемпионаты қазан айында Ұйғыр ауданында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, шілдеде жасөспірімдер арасындағы аударыспақ пен теңге ілуден XI ҚР чемпионаты Талғар ауданында ұйымдастырылмақ. Мамыр айында жамбы атудан жастар арасындағы IX ҚР чемпионаты да Талғар ауданында өткізіледі.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Tags: "Алатау" командасы спорткөкпарспортұлттық спорт

    Соңғы жаңалықтар

    Президент «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлық шығарды
    24.03.2026
    Дешёвый бензин в Казахстане: преимущество или ущерб экономической эффективности
    24.03.2026
    Дешевый бензин в Казахстане: кому на самом деле это выгодно
    24.03.2026
    Рискует ли Казахстан попасть в энергетическую ловушку из-за дешевого бензина
    24.03.2026
    Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады
    24.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>