-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Туризм – табыстың қайнар көзі

    20.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Туризм – табыстың қайнар көзі
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары­мен Райымбек ауданына келді. Бұл – өңір басшысының қасиетті Тәңіртау өлкесіне жыл басынан бергі екінші сапары.

    Облыс әкімі сапарын Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы Қаратоған ауылында қолға алынып жатқан ауызсу құбырының жұмы­сымен танысудан бастады. Аспантау етегіне қоныстанып, тағдырын арынды Байынқол өзенімен тоқайластырған аядай ауылда ауызсудың «жыры» осыдан оншақты жыл бұрын басталған болатын. Бес көшенің екеуіне құбыр тартылып, шыңыраудан шымырлап шыққан тұщы су тұрғындардың ерніне енді тие бергенде, жұмыс кенеттен жарты жолда үзіліп кетіп, сол күйі аяқсыз қалған. Міне, енді көңілді күпті еткен су құбыры араға жылдар салып барып, биылғы шілде айының басынан қайта қолға алынып жатыр. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының үзілген үміті жалғанып, күпті көңілі көпсіген жайы бар. Су құбырының жұмысын қазір «СК – РЕТМА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жасалу құны 350 миллион теңгені құрайтын ауызсу құбыры­ның ұзын-ырғасы 5,5 шақырымға жоспарланған. Жоба басталған күннен сыйымдылығы 300 текше метрлік су қоймасының жұмысы толығымен ретке келтірілуде. Су соратын үш насостың су қоймасын үздіксіз қамтамасыз етуге қауқары толығымен жетеді. Үш көшеге басынан-аяғына дейін желім құбырмен келетін суды реттеп, бөліп тұратын 48 бетон құдық қойылатын болады. Облыс әкімін жұмыс барысымен осылайша таныстырған учаске бас­тығы Жарылқасын Қисықбасов мақсатты іспен 17 адам шұғылданып жатқанын, жұмысты қараша айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр­ғанын, оған мүмкіндіктің толық жететінін жеткізді.
    – Сіздер айналысып жатқан жұмыс­тың жөні бөлек. Өйткені, осы игілікті шаруа аяқталған күннен аудандағы ауызсу мәселесі толығымен шешіледі. Сондықтан өз жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің сапасына баса назар аударыңыздар. Райымбек ауданы – туризмге қолайлы аймақ. Соның ішінде Қаратоған ауылы­ның да әлеуеті айрықша. Өйткені, «Ақкөл», «Шоғансай» демалыс орын­дарына келетін туристер осы ауыл­дың үстімен өтеді. Атқарып жатқан жұмыстарыңыздың қандай маңызды екенін осыдан-ақ аңғара беріңіздер, – деген Марат Елеусізұлы ауызсу құбырын тартушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
    Аймақ басшысы бұдан кейін Жамбыл ауылында салынып жатқан Мәдениет үйіне атбасын бұрды. Облыстық құрылыс басқармасы­ның тапсырысымен «Алматы – CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрышқолды құрылысшылары былтыр бастаған нысанның құрылысы да аяқталуға жақын. 80 адамға лайықталған көрер­мен залы мен үйірмелерге арналған бөлмелер бүгінгі заман талабына сай. Құрылыстың жай-жапсарымен танысып шыққан әкім Мәдениет үйі пайдалануға берілгеннен кейін, аптасына немесе айына бір-екі шара ғана ұйымдастырумен шектеліп, көбіне жабық тұратын орынға айналмауы қажеттігін жауапты адамдардың есіне салды. Қызметке осы салаға қатысы бар мамандарды ғана тарту, реті келсе, Мәдениет үйі жанынан өнер мектебін ашудың да жолдарын ойластыру жөнінде ұсынысын білдірді.
    Бұдан соң облыс басшысы Б. Мұқай атындағы Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге дейін жеке азаматтарды қабылдады. Азаматтар тарапынан айтылған көкей­кесті мәселелерге ден қойды. Талап-тілектерін тыңдап, орындалуы жөнінде тиісті адамдарға нұсқаулар берді. Жиын басталмас бұрын Мәдениет үйінің залына қойылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне назар аударды.
    Облыс әкімімен болған кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Жиынды облыс­тық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында Райымбек ауданының әлеу­меттік-экономикалық дамуы туралы сөз етілді. Бұл турасында аудан әкімі Берік Дүйсенбаев баяндама жасады.
    – Биылғы жартыжылдықта ауыл­шаруашылық өнімінің көлемі 9,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығы бойынша тірі салмақты ет аталған мерзім ішінде – 5061,2, сүт 9726,9 тоннаға орындалды. 1 млн 798,2 мың дана жұмыртқа жиналды. 70322 бас ірі қара, 345 557 бас қой-ешкі, 46 901 бас жылқы, 28 130 бас үй құсы аудан тұрғындарының игілігі болып есептеледі, – деген аудан әкімі бұдан кейін ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталды.
    Ауданның егіс алқабы 39,5 мың гектарды құрайды. 2024 жылы дәнді дақыл – 100, көпжылдық шөп 600 гектарға ұлғайды. Шаруа қожалықтары ағымдағы жылы құны 386 млн теңге көлемінде 56 бірлік техника сатып алуға қол жеткізді. Ауданда сыйымдылығы 5 500 мың тонналық 3 картоп сақтау қоймасы бар. Өткен жылы «Алтын дән» ЖШС сыйымдылығы 2,5 мың тонна болатын қойма салды. Қолданыстағы суармалы 23,4 мың гектар алқаптың тек 1400 гектарын ғана тамшылатып суару жоспарлануда. Бүгінгі күні 785 га жерге тамшылатып суару қондырғылары орнатылды. 2023-2024 жылдары 93 азамат «Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен 521,5 млн теңге несие алды. Биыл пилоттық жобаға 100 тұрғын өтініш беріп, «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына 66 құжат өткізілді. Өз мақсатында пайдаланылмай жатқан 8,0 мың гектар жер анықталып, 4,5 мыңы ауданның жер қорына қайтарылды. Ауданда 3892 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардан түскен салық 39,8 млн теңгені құрады.

    Қазіргі уақытта аудан аумағында 6 туристік нысан бар, 60-қа жуық маусымдық демалыс орындары жұмыс істейді. Онда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылуда. Туристік өлкеге тартылған инвестиция көле­мі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд теңгеге ұлғайды. «Rallo Global» ЖШС-іне Текес, Қайнар, Қарасаз округтеріндегі жанармай бекеттеріне күрделі жөндеу жұмысын жасау, Нарынқол ауылынан орталықтандырылған жанармай бекеті, қонақүй, мейрамхана салу үшін жер телімі белгіленді. «AiDosJan» ЖШС-мен Қақпақ ауылдық округінің Қара батыр шатқалынан салынған «Qazyq» демалыс орнының құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ ирандық «Solicol Group» компаниясымен Райымбек ауданынан жобалық құны 53 млн доллар болатын балалар тағамын өндіретін және құны 103 млн долларды құрайтын картоп өңдейтін зауыт салуға келіссөздер жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін 8,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, бүгінге дейін 3,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Аз қамтылған отбасыларға 29 тұрғын үй сатып алуға 439,3 млн теңге бөлінді.
    Мұнымен қатар 30 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарла­масы бойынша Сарыжаз ауылының көше­лерін орташа жөндеуден өткізуге 315 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды.
    Аудандағы 11 ауылдық округте 10 Мәдениет үйі бар. Өткен жылы Сүмбеде жаңа Мәдениет үйі, Сүмбе, Қызылшекара ауылдарында шағын спорт кешендері ашылды. Бұған керісінше, Тегістік ауылындағы Мәдениет үйі апатты жағдайда деп танылды.
    Аудан әкімі модульды медициналық пункттердің жайынан да хабардар етті. Қостөбе, Ақбейіт ауылдарын­да модульды медпункттің, Көмірші ауылында амбулаторияның құрылысы аяталған. 6 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға 50,1 млн теңге бөлініп отыр.
    Аудан әкімінің есебінде жұмыс­пен қамту, мемлекеттік гранттар мен несиелер беру арқылы жұмыссыздықты азайту мәселелері, қылмыстың орын алуы жайы да сөз болды.
    Кездесуде аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеумет­тік-экономикалық даму барысына тоқталып өтті.
    – Алматы облысы бірінші жарты­жылдықта әлеуметтік және эконо­микалық көрсеткіштер бойынша алға қойған межелерге артығымен қол жеткізді. Осы қысқа мерзімде экономикалық индикатор 108,2 пайыз­ды құрады. Жалпы өңірлік өнім 7,4 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша соңғы үш жылда облыс өз позициясын 2 есеге жақсартып, 2021 жылы 10-орыннан көрінсек, өткен жылы 5-орынға көтерілдік, – деген өңір басшысы әр салаға жеке-жеке тоқталды. Негізінен Райымбек ауданының жетіс­тіктерін баяндамасына арқау етті.
    Облыста мал шаруашылығы өнім­дерінің орташа өсімі 8,6 пайызды құраса, оның 1,3 пайызы Райымбек ауданына тиесілі. Мал мен құстың саны облыста орта есеппен 1,7 пайызға ұлғайса, Райымбек ауданында 7,5 пайызға көбейген. Оның ішінде Райымбек ауданында егіс көлемі 248 гектарға көбейіп, 39,8 мың гектарды құрады. Ел ішіне Нарынқол өңірі «картопты өлке» ретінде танымал. Өйткені, картоптың басым бөлігі осы жерде өндіріледі. 5700 гектардан жылына 120 мың тоннадан артық өнім жиналады. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуда суармалы егістікті дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта облыстың суару жүйелерін қайта жаңартуға соңғы үш жылда 14,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Райымбек ауданына бөлінгені – 3,5 млрд теңге. Су үнемдеу технологиясы облыстағы барлық суармалы жердің 14 пайызына, ал Райымбек ауданында 8 пайызына ғана қолданылады. Бүгінде суару жүйелеріндегі су шығынының 40-50 пайызға жететінін ескерсек, болашақта біз барлық суармалы жерді су үнемдеу технологиясына көшіруіміз қажет.
    «Бір ауыл – бір жоба» аясында 1266 кәсіпкерлік субъектісі ашылып, оның ішінде Райымбек ауданында 57 жоба қосылды. Десек те, шағын және орта бизнес субъектілері ең аз шоғырланған аудандардың қатарында болғандықтан, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді пайда­лану қажет. Облыс туристік аумақтар картасында республикадағы 102 нысанның 10 нысанына ие. Яғни, әрбір оныншы туризм нысаны Алматы облысында орналасқан. Осы салада әлеуеті жоғары Райымбек ауданы – Алматы тау кластерінің басым бағыт­тарынң ТОП ондығына кіреді. Сонымен қатар эко және этнотуризмді дамыту үшін үлкен резервтер бар. Туризмдегі тиімді бағыттардың бірі – этно және агротуризм екенін ескерсек, облыстың шалғай аудандарында ұлттық туристік өнімдер мен қызмет­терін ұсыну арқылы ауыл тұрғын­дарының қосымша табыс көзін арттыруға болатынын атап өткен жөн. Нарынқолда жаяу жүргіншілер өткелін ашу мәселесі де пысықталуда. Бұл жоба шекара маңындағы ауылдарды дамытуға серпін беретіні анық.
    Жол құрылысы бойынша 2024 жылы облыс көлемінде 157,9 шақырым жол салуға және жөндеуге 40,4 млрд теңге бөлініп, оның 45 шақырымы аяқталды. Райымбек ауданындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 587 шақы­рымды құрайды. Республикалық «Кеген-Нарынқол» автожолының 15 шақырымын жөндеу жұмысы биыл аяқталады. Қалған 37 шақырымын жөндеуді «ҚазАвтоЖол» филиалы 2024-2025 жылдары орташа жөндеу жұмысы есебінде өткізеді.
    – Кеген және Райымбек аудандарын газдандыру үшін «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральдік газ құбырын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Қаржыландыру кезең-кезеңімен республикалық бюд­жеттің мүмкіндігіне қарай жүзе­ге асырылады. Биыл 26,5 мың орын­ды 29 мектепті қолданысқа беру жоспарлануда. Қарасаз ауылында 250 орынға арналған өнер мектебі ашылатын болады, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
    Аймақ басшысы есепті баянда­масында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету­дің маңыздылығына да тоқталды. Жұртшылық тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берді.
    Марат Сұлтанғазиев сапары бары­сында аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатқан «Жастар орталығы» мен емхананың жұмысымен танысты. Құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген өрт сөндіру депосының ашылу салтанатына қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты. Нарынқол мен Текестің арасын жалғап жатқан жолдың орташа жөндеу жұмысына назар аударды. Жол жөндеушілерге сапаға баса мән беруді, уақытты тиімді пайдаланып, жөндеу жұмысын белгіленген мерзімде аяқтауды тап­сырды.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    2 years ago
    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    2 years ago
    Ұлан сарбазға айналды

    Ұлан сарбазға айналды

    2 months ago
    ТАҒЫЛЫМДАМАДАН НЕ ТҮЙДІМ?

    ТАҒЫЛЫМДАМАДАН НЕ ТҮЙДІМ?

    9 months ago
    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.