-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    27.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Қонаев қаласының “Home Club” демалыс аймағында “OCEANMAN Kazakhstan – 2024” ашық суда жүзуден Халықаралық жарыс басталды. Биылғы жылы қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.

    Спортшыларды қарсы алған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев “Oceanman” тек спорт мерекесі ғана емес, туристерге өңірдің тартымды жағын көрсету мүмкіндігі екенін атап өтті.

    “Спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Облыстың жарты миллионға жуық тұрғыны, халықтың 39,5 пайызы – спортшылар”, – деді әкім.

    Италиядан Қазақстанға дейін: Oceanman алты құрлықтың басын қосады. Ол 2015 жылы Италия мен Испанияда халықаралық франчайзинг болып басталған. Бүгінгі таңда жарыс бүкіл әлемде өтеді, кәсіпқой, әуесқой жүзушілерді жинайды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың деңгейіне қарай әр түрлі қашықтықты қарастырған. Жаңадан бастаушылар 1 шақырымға, тәжірибелі спортшылар 10 шақырымға жүзеді.

    “Oceanman Kazakhstan тіркелген қатысушылар саны бойынша соңғы үш жылдағы рекордты орнатты”, – деді бас ұйымдастырушы, Oceanman Kazakhstan франшизасының иегері Ералы Оралов.

    Биыл жүзуге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Еуропа, Азия және Австралияны қоса алғанда, әлемнің 17 елінен 2600-ден астам жүзуші қатысады. Жарысқа қатысушылардың ең жасы 7 – де болса, ең қарты 70-те.

    “Бүгін осы шараға куә болу үшін 3000-нан астам адам жиналды. Дәл осындай ауқымды оқиғалар жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап тәрбиелейді, сондай-ақ облыста да, елде де спорт пен туризмді дамыту үшін қосымша серпін болады”, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Бірінші жарыс күні 10 және 5 шақырымға жүзу өтті. Ең танымалы – 450 адам қатысқан Half oceanman (5 шақырым) қашықтығы болды.

    Жарыстың екінші күні қатысушыларды “SPRINT”, “OCEANTEAMS” және “OCEANKIDS” (7-14 жас аралығындағы балалар үшін) қашықтықтары күтеді.

    Ұсынымдар

    Абысын тату болса…

    Абысын тату болса…

    7 months ago
    Әдеп – мінсіз қызмет кепілі

    Әдеп – мінсіз қызмет кепілі

    1 year ago
    Жағдайың қалай, студент?

    Жағдайың қалай, студент?

    1 year ago
    «Масс-медиа туралы» Заң қабылданды

    Жас тілшілер мектебі қажет

    11 months ago
    Ұлттың күретамыры

    Ұлттың күретамыры

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.