-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өмірге өкпелеме!

    02.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Өмірге өкпелеме!
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

             Ана мен бала! Өмірдегі ең шынайы әрі шексіз махаббатқа толы қарым-қатынас. Анаға баладан, балаға анадан жақын жан жоқ. Әкенің орны бір төбе. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сипаты бүгінгі заманда да өз құдіретін жоғалтпаған, болашақта да жоғалтпақ емес.

    Бүгінгі заман қандай өзі? Заманнан көре берудің реті жоқ, заманды қалыптастыратын адам емес пе?! Соңғы кездері «Өз жатырынан шыққан баланы өлтіріпті» деген суыт хабарды жиі еститін болдық. Суыт хабар дегеніміз жұмсақтау, сұмдық хабар делік. Тоғыз ай жүрек астында көтеріп, адам шыдағысыз ауыртпалықпен босанып, ана атанып, кішкентай ғана күнәсіз періштені дүниеге әкеліп, өсіріп, өз қолыңмен өлтіруден асқан сорақылық бар ма?!
    Елімізде өз перзенттерін о дүниеге аттандырып, артынша өзі ажал құшатын аналардың бір-біріне ұқсас оқиғалары денені түршіктіреді. Бұл сорақылықтың себебі неде? Осыдан бірнеше уақыт бұрын, жаңа туған шақалақтарды тастап кету немесе өлтіру жағдайлары жаға ұстатқан-тұғын. Мұның себебі ақылы толыспаған бойжеткендердің некесіз жүктілігі деп қарастырдық, сонда да ақтауға келмейтін қылмыс. Ал ақылы толысқан, психикалық ауытқуы жоқ аналардың бауыр еті баласын өлтіруін қалай түсінеміз?! Жасалған қылмыс жайлы естиміз де, себебін нақтылай алмай, өз ойымызбен қалып қоямыз.
    Иә, өмірде адам баласының өмірі тек бақытқа толы болуы мүмкін емес. Қазіргі тынымсыз тіршілікте адам жүйкесінің түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы да мүмкін. Демек, аналардың осындай қылмысқа баруының бір себебі – тұрмыстық өмір қиындықтары ма дейміз. Бұл ақша мәселесі немесе екінші жартысымен кикілжің болуы да ғажап емес. Бірақ, бұл балалардың өмірін қиюға себеп бола алмайды. Ана болу – баланың өмір сүруін немесе өлім құшуын шешу емес, баланың жарқын өмір сүруіне ықпал ету. Ана баласы үшін жауапкершілік арқалағанымен, оның жарық дүниеге келген сәтінен бастап, Жаратушының қалауымен жеке адам ретінде өмір сүретінін ұғынуы тиіс.
    Ер адамның өз балаларын өлтіргені жайлы сұмдық ақпараттарды сирек естиміз, тіптен өз басым әлі естімеппін. Мұндай сорақылыққа неге көбінесе әйел адамдар бейім? Бұл әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне байла­нысты болып шықты. «Әйел қырық жанды» деп нәзік жандарға барша жауапкершілікті артып қоюдың еш реті жоқ. Әсіресе, бала мәселесінде!
    Дүниеге бала әкелу – әйел затына берілген үлкен әрі қиын міндеттің бірі. Өлімге бел байлай отырып, адам баласына өмір сыйлау – үлкен тәуекел. Босанған­мен барша ауыртпалық бітпейді, баланың күтімі де оңай шаруа емес. Ешкімге міндет ете де алмайсың, себебі өз балаң, дегенмен, бұл балаға тек сен жауаптысың деген сөз емес екенін түсінейік. Баланың өмірінде маңызды рөл атқаратын тағы бір жан бар, ол – әкесі. Бүгінгі күні «Босанғаннан кейінгі күйзеліс» деген ұғым бар. Бұл кейінгі заманда пайда болған дүние емес, әйелдердің жаратылысынан қалыптасқан күйзеліс. Бір әйелдерде жеңіл, кейбір әйелдерде ауыр түрде өтеді. Бұл оның жақындарының қолдауына байланысты. Қазіргі күні жасы егде тартқан ана-әжелеріміз «Қайдағы депрессия, неше бала туып, депрессия дегенді білмеппіз» деуі мүмкін. Дегенмен, бұл расымен бар дүние. Тек заманға қарай адамдардың қабылдауы әрқилы.
    Егер әйел затына шамадан тыс жауапкершілік жүктеліп, оның нәзік жаратылысы оны көтере алмаса бұл күйзеліс тек босанғандарда ғана емес, барша әйел затында болуы мүмкін.
    Психология ғылымында «Медея комплексі» деген ұғым бар. Бұл – әйелдің күйеуіне ашуланып, өшін балалардан алу әрекеті. Ғылыми анықтамасы, «Медея комплексі» – әйелдің күйеуінен кек алу үшін өз балаларын өлтіруге деген патологиялық ұмтылысы. Аталған ұғым­ның өзіндік тарихи оқиғасы да бар деседі. Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, Колхида ханшайымы Медея күйеуі Ясонға алтын жүнді иемденуге көмектескен. Әкесінің қаһарынан қорқып, ол Ясонмен бірге Грекияға қашып кетеді. Бірақ Ясон оны алдап, екінші әйел алады. Қарсыласын уландырып қана қоймай, Медея Ясоннан кек алу үшін ортақ балаларын да өлтірген.
    Ананың өз жатырынан шыққан бала­ларын өлтіруін психология осылай түсіндіреді, бірақ ақтамайды. Адамның күйзеліске түспеуге де мүмкіндігі бар.
    Ғылым тілінде күйзелісті стресс деген ұғыммен түсіндірсе, ардақты дінімізде Жаратушының сынағы деп ұғындырады. Бұл құбылыстың шешімі – өлім немесе біреулерді өлтіру емес, өз-өзіңмен жұмыс жасап, ішкі жан дүниеңдегі өмірге құлшынысты арттыру.
    Өз баласын өлімге қиятын аналар­дың бір тобы асқан аргессия әсерінен балаларын байқаусызда өлтіріп алғандар болса, келесі тобы арнайы, тіпті жоспарлап өлтіргендер, артынан өздеріне-өздері қол салғандар. Мұндай аналарды о дүниеде барша мәселеден аулақ, бірге боламыз деген ой билесе керек-ті. Ал балаларын өлтіріп, өздері жер басып жүрген аналар­дың жазасы – өзегін өртеген мәңгі сағыныш пен өкініш болары хақ.
    Жуырда Алматы қаласында бес жасар қызын тұншықтырып, артынша 54 метр биіктіктегі айналма атракционнан секіріп өлген әйел, екі баласын жоспарлы түрде өлтіріп, артынша қонақүйден ұс­талған шымкенттік әйел, үш баласымен терезеден секіріп кеткен Бақытгүл, біз естімеген, бейхабар қалған қасіретті оқиғалар қаншама, мұның бәрі – ғасыр дерті, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, тұрмыс қиындығының нәтижесі.
    Ана – қылмыскер емес, қасиетті жан. Ана болу – Алланың үлкен сыйы. Сынақ пен сүрінуден тұратын бұл өмірге біз өлу үшін келмейміз. Сол себептен сынақтан сүрінбей өтуге қабілетті болайық. Ардақты қыз-келіншектер, қиындық­пен және шексіз махаббатпен дүниеге әкелген перзенттерімізді өлімге қимақ түгілі, қол ұшын тигізуден сақтанайық. Қылмыстың сан түрі орын алып жатқан мынау заманда ананың баласын өлтіруі – ұлт қасіреті, әйел затының үлкен тоқырауға ұшырағанының белгісі. Қоғам үшін маңызды дабыл! Өмірге өкпелеп, жанашырдан жаналғышқа айналмайық!

    Ақерке БИЖАН

    Ұсынымдар

    Радиофобиядан арылу қажет

    Радиофобиядан арылу қажет

    2 years ago
    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    10 months ago
    Аспап жасаудың шебері

    Аспап жасаудың шебері

    2 years ago
    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    2 years ago
    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>