-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    04.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    Фото: alashorda.kz

    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    3 тамыз күні жоғары оқу орнында оқуға арналған мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді. Оның ішінде Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастарын оқытуға 3903 грант бөлінді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түскен. Грант тағайындау конкурсына 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Телеграм каналында биылғы мемлекеттік білім гранттарының қалай бөлінгені, конкурс туралы баяндап, грантқа іліге алмаған үміткерлер үшін тегін оқуға түсудің басқа да мүмкіндіктері бар екенін жазды.

    “Құрметті биылғы талапкерлер! Қадірлі ата-аналар!

    Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.

    Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке орай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен.

    Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар!

    Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.

    Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.

    Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет.

    Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

    Құрметті түлек, қадірлі ата-ана біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау.

    Грант алу мүмкіндіктеріңіз қайталап жазам әлі де бар:

    3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

    Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.

    KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

    Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

    Жұмыс берушілердің гранттары.

    Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

    Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

    Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

    Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

    Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз”, – деп жазды министр Саясат Нұрбек.

    Ұсынымдар

    Шонжыда “Бір ауыл – Бір өнім” жобасының көрмесі өтті

    Шонжыда “Бір ауыл – Бір өнім” жобасының көрмесі өтті

    12 months ago
    Өнерге құштар Айзере

    Өнерге құштар Айзере

    5 days ago
    Көрікті мекен – Кегенім!

    Көрікті мекен – Кегенім!

    8 months ago
    Балқаш ауданында «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінетіндер саны артып келеді 

    Балқаш ауданында «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінетіндер саны артып келеді 

    8 months ago
    Адал қызмет етуге ант берді

    Адал қызмет етуге ант берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.