-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дайындық жұмысы пысықталды

    12.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай
    Дайындық жұмысы пысықталды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

          Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер өкілдерінің қатысуымен өтетін «Скала – 2024» арнайы оқу-жаттығуына, «Қазқұтқару– 2024» жиын-семинарына, Төтенше жағдайлар саласындағы II республикалық еріктілер форумына, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері өкілдерінің ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану бойынша шеберлік-тренингіне дайындық мәселесі қаралды.

    Басқосуды ашқан Нұржан Құдайбергенов алдағы уақытта өтетін іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
    – Аталған іс-шараға дайындықты күшейту керек. «Скала – 2024» оқу-жаттығуына Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 60-тан астам қонақ қатысады деп жоспарлануда. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құтқару шараларына көп көңіл бөледі. Осы жолы біздің өңірдің барлық құтқарушысы шеберлік-тренингіне қатысады, – деген облыс әкімінің орынбасары оқу-жаттығу және басқа да шараларға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін дайындық барысын пысықтады. Осы мақсатта облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы­нан бөлінген қаражатқа мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан не істеліп жатқанын сұрады. Аталған басқарманың бөлім басшысы Гүлнұр Домбай басқа елден келетін делегациялар үшін атрибуттар мен кәдесыйлар дайындауды қарастырып, қатысушылар ұлттық безендірумен киіз үй тігу, баспасөз мәслихатына арнал­ған шатыр ұйымдастыру бойынша дайындық жұмысының өз деңгейінде жүріп жатқанын алға тартты. Кеген ауданының әкімдігі киіз тігуді мойнына алды.
    Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан судың санитарлық нормаға сәйкес­тігі үнемі тексеріліп, полигонда зиянкестерге қарсы өңдеуге және оқу-жаттығуларға қатысушылар үшін жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Басты мәселелердің бірі – полигонға апаратын жолды ретке келтіріп, интернетпен қамтамасыз ету. Аталған шараларды өткізуге бір айдай уақыт қалғанын, екі ай бұрын облыс әкімі халықаралық оқу-жаттығуларға дайындық жоспарын бекіткенін еске салған Нұржан Кеңесұлы алайда оған дайындықтың баяу жүріп жатқанын сынға алды. Жақында өзі полигонға барып, әзірлік жұмысын көзбен көретінін айтты. Сонымен бірге жиында іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және ретро-мұражайға баруды қамтитын қонақтарға арналған мәдени бағдарламаны ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

    Айжарық Көптілеуов

    Ұсынымдар

    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    7 months ago
    Әсет әндері әуеледі

    Әсет әндері әуеледі

    1 year ago
    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    Алтын құрсақ

    Алтын құрсақ

    3 months ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    ОСК: Дауыс берушілердің 57.68 пайызы таңдау жасады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>