Андрей Шин негізін қалаған «Шин-Лайн» компаниялар тобы шағын отбасылық фабрикадан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндірушісіне айналды. Компания басқармасы Алматы облысы Масс медиа өкілдеріне іргесі жаңадан құрылған алып компанияның жұмыс барысы және жаңа өнімдерімен кеңірек таныстырды. Журналистердің барлық сұрақтарына «Шина лайн» компаниясының директорлар Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Докин таныстырды.
Қазақстан нарығының 49 пайызын иеленетін компанияның өнімдері Қытай, Моңғолия және ТМД елдеріне де белсенді түрде экспортталады. Өйткені, компанияның негізгі өндіріс орны Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде орналасқан. Мемлекеттік салыққа төленетін 2,5 млрд теңге де осы ауданға тиесілі. Кездесуде тұтынушылардың тарапынан қойылатын талаптар, шикізат жеткізудің логистикалық сын-қатерлерін шешу, жаңа кадрлар даярлау, салалық мәселелер туралы бірқатар сұрақтар талқыланды.
Сапар аясында зауыт қонақтары «Шин-Лайн» балмұздақ өндірісімен танысты. Өндіріс толығымен автоматтандырылған және компьютерленген, өнімнің қауіпсіздігі адамның қатысуынсыз температуралық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады. Техникалық жағынан балмұздақ жасау аса күрделі, түрлі дәмдеуіштер, мысалы бірнеше қабатты глазурь дәмі бар балмұздақ, шоколадты екі қайтара қолдана отырып әлемдік деңгейдегі балмұздақ дайындаулары таңдай қақтырады. Балмұздақ өнімінде маңызды орын алатын ингредиенттің бірі – сиыр сүті. Алматы облысы бойынша фермерлерден алынған сүтті арнайы көлікпен тасымалдайды екен. Сұйық күйінде аппараттарға құйылған сүт, екінші жағынан ұнтақ болып қолданысқа дайын түрінде шығып жатады.
«Шин-Лайн» компаниясында 2000-нан астам түрлі саланы игерген қызметкерлер жұмыс жасайды. Мысалы, бір балмұздақты шығару үшін азық-түлік технологы, физика маманы, химия маманы, экономист, зертханашылар, кондитерлер, маркетологтар, инженерлер, дистрибуторлар тағы басқа техникалық персоналдар атсалысады.
Заманауи технологиялар мен жоғары сапа стандарттарына бағытталған «Шин-Лайн» өндіріс пен экспорттық әлеуетті едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. 2024 жылы компания жаңа фабрика құрылысына 35 млрд теңге (79 млн АҚШ доллары) инвестициялады, ол күніне 350 тонна балмұздақ шығаратын заманауи өндірістік желілермен жабдықталған.
Кәсіпорында кадр тапшылығы күн тәртібінен түспейтін актуалды сұрақ болып қала береді. Кәсіпорын ішінде алдағы уақытта іске асырылатын көптеген жобалар бар. Атап айтқанда, балмұздақтың сыртындағы «Қазақстанда жасалған» жазуын үлкейту, қазақы атаулар беру, сыртқы дизайнына қазақы нақыш қою сияқты жұмыстар атқарылады.
– Өндіріс көлемі мен экспорт жыл сайын өсіп келеді. Біз азық-түлік пен балмұздақ шығаруға арналған жаңа инвестициялық жобаны жарияладық, ішкі инвестор ретінде біз мемлекет тарапынан қолдаудың болатынына сенеміз, Бұдан басқа, біз сүт шикізатымен жұмыс істейміз, ал балмұздақ – қайта өңделген сүт өнімі десек те болады. Дегенмен, бүгінгі таңда балмұздақ өндірісінде АӨК дамыту шеңберінде басқа сүт өңдеушілер алатын жеңілдіктер жоқ (ЭҚЖЖ 10.51 – сүт, ал балмұздақ бөлек бөлінген — 10.52). Мен бұған назар аудара отырып, қажетті өзгерістер енгізілгенін қалаймын – деді Дмитрий Докин
«Euromonitor International» – халықаралық зерттеу компаниясының мәліметінше, «Шин-Лайн» бір жыл ішінде нарықтағы үлесін 49 пайыздан жоғары асырып, арттыра алды. Компания бүгінде Қазақстан мен Орта Азия елдерінде тәулігіне 250 тонна көлемінде 120-дан астам балмұздақ түрін өндіретін №1 компания саналады. Ең танымал түрлер – «Бомба», «Полюстегі аю», «Bahroma» сондай-ақ балмұздақ пен кондитерлік өнімдер сегменттерінде орналасқан үздік «Золотая коллекция» «Гулливер», «Лесная Белочка», «Ключик Буратино», «Птичка» және «Красный мак» топтамалары бар.
Көптеген жылдар бойы Қазақстанда балмұздақ дистрибуциясы бойынша біздің серіктестеріміз балмұздақ нарығының әлемдік көшбасшылары — Mars және Froneri компаниялары болып табылады. Шикізат жеткізушілері өз салаларында көш бастап тұрған компаниялар: әлемдегі №1 өнеркәсіптік шоколад өндірушісі, бельгиялық Barry Callebaut компаниясы; балмұздаққа арналған тұрақтандырғыштардың әлемдегі алғашқы әзірлеушілері, даттық Danisco компаниясы; табиғи хош иістендіргіштер саласындағы әлемдік көшбасшы, француздық Ferminich компаниясы, сондай-ақ көптеген басқа еуропалық және азиялық ингредиенттер мен орауыш жеткізушілері.
«Шин-Лайн» балмұздағын еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, Орта Азияда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерімен қатар Ресей, Беларусь елдерінің дүкендерінде де кездестіруге болады. Сондай-ақ, өндірілген тауар Қытай мен Моңғолияға жөнелтіледі. «Шин-Лайн» экспорттық жеткізілімдері жаңа нарығының ішіне Грузия мемлекеті енді. 2027 жылы компания тәулігіне 350 тонна балмұздақ өндіруді жоспарлап отыр. 2033 жылы жұмыскерлер саны 5000-ға жетеді деп көзделуде. Қазіргі таңда жылына 23 мың тонна балмұздақ өндіріп, 10-нан аса мемлекетке экспорттап отыр. Бұл экономикалық динамика нарық көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясы толықтай қамтамасыз етіп орта Азиядағы көшбасшыға айналдырып отыр.
Бағдат Шойбас