⛅
-0°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    04.04.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Саясат, Үкімет, Экономика
    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауының инфляцияға тікелей әсері айтарлықтай болмайды. Бұл туралы бүгін үкімет жиынынан соң Қазақстан Прмеьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

    «Жанармай бағасының қымбаттауы инфляциялық үрдістерге де белгілі бір ықпалын тигізеді. Тікелей ықпалына келер болсақ, жан басына шаққанда тұтынушылық себетіндегі дизель отынының орташа үлесі 0,4 пайыз, ал АИ-92 маркалы бензиннің үлесі 2 пайыз. Осы себепті жалпы инфляция деңгейіне 0,35 пайыз шамасында ықпал етеді», – деді Смайылов.

    Премьер-министр бұған қоса жанармай қымбаттауының жанама әсері болатынын да айтты.

    «Дизель отыны мен бензин өндірушілердің шығындары құрамына енетіндіктен, белгілі бір мультипликативті әсері де болады. Бірақ Мемлекет басшысы жылдың соңына дейін инфляция деңгейін екі есеге азайтуға тапсырма берді. Сондықтан үкімет инфляциялық үрдістерді тежеудің жедел әрі жүйелі шараларын қабылдайды», – деді Әлихан Смайылов журналистерге.

    Премьердің айтуынша, наурыз айының қорытындысы бойынша инфляция қарқыны айтарлықтай баяулаған, яғни ақпанда жылдық инфляция 21,3 пайыз болса, наурызда 18,1 пайыз болған. Әлихан Смайылов үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған кешенді шараларды одан ары белсенді іске асыра беретінін айтады.

    3 сәуірде энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елде 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген. Үкіметтің есебінше АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литрі қазіргі 182-187 теңгеден 205 теңгеге, дизель отынының бағасы 230-260 теңгеден 295 теңгеге көтеріледі. Ақшолақов жанармайдың қымбаттауына ел аумағынан транзитпен өтетін көліктердің жанармайға деген сұранысының артуы және жанармайдың көрші елдерге астыртын жолмен шығарылуы негізгі себеп болып отырғанын айтқан.

    Tags: АИ-92бензиндизель отыныжанармайинфляцияқымбаттау

    Ұсынымдар

    Маңызды кезең

    Бала – бақытымыз!

    3 months ago
    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    1 year ago
    Мемлекеттік қызмет

    Әдеп кодексінің маңыздылығы

    9 months ago
    Мұзда балық аулауға арналған учаскелер тексерілді

    Мұзда балық аулауға арналған учаскелер тексерілді

    10 months ago
    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>