-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қарасай ауданында науқас жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды

    20.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қарасай ауданында науқас жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Қарасай ауданының 64 жастағы тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл – жүректе қан айналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында науқас инсульт алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Жүрек соғысының бұзылуы анықталып, дәрігерлер кеңесінен кейін ота жасау туралы шешім қабылданыпты.

    «Науқаста жүректің соғысы күндіз 150-160-қа дейін барып, ал түнгі уақытта 25-ке дейін түсті. Сол себептен біз күрделі отаға кірісіп, электрокардиостимулятор құрылғысын орнаттық. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Жалпы, ауданда кардиология бөлімі 2022 жылдан бері толық жұмыс істейді. Мұндай оталарды жүргізу үшін мекеме ангиограф аппараты сынды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл біздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері жеткен үлкен жетістіктеріміздің бірі», – дейді кардиолог-дәрігер Орынбасар Тайманұлы.
    Айта кетерлігі, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасына 284 мыңнан астам адам тіркелген. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Төсек-орын саны 500-ден асады. Былтыр барлық органдар мен тіндерге арналған бағдарламалық жасақтамасы бар соңғы үлгідегі миллиард теңге тұратын МРТ аппараты орнатылған. Бұл өзге ірі қалаларға жолдамамен жіберілетін тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды. Енді мұндай зерттеу аудан орталығында қолжетімді.

    «Жыл басынан бері 26 мыңға жуық науқасты емдедік. Хирургиялық араласулар мен медициналық қызметтердің жаңа түрлері енгізілді. Олардың қатарында коронарография, коронарлық артерияларды стенттеу, электрокардиостимулятор орнату, жамбас буынын, тізе буынын протездеу, артроскопиялық операциялар,миға, омыртқаға нейрохирургиялық операциялар, гемодиализ, лапароскопиялық операциялар бар. Сонымен қатар, тромбэктомиялар, перифериялық тамырларға операциялар спектрі кеңейді», – дейді Қарасай аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Дәулет Ерболұлы.
    Денсаулық сақтау жүйесінің дами түсуі халықтың сапалы қызмет алуға жол ашты. Өз кезегінде оң нәтижеге қол жете бастады. Көрсеткішке сүйенсек, нәресте өлімі азайып, қан айналымы жүйесі аурулары, жарақаттардан болатын өлім-жітім статистикасы да төмендеп отыр. Айта кетерлігі, Қарасайдың шалғай ауылдарында тұрғындар үшін медицина қолжетімділігі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл Абай және Үштерек ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Алда қолданысқа беріліп, ел игілігіне қызмет етеді деп күтілуде. Бұл ғана емес, келер жылы Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қазынадан қаражат қарастырылып жатыр. Көлащы, Шалқар, Бекболат, Ұлан, Бұлақты ауылдарының азаматтары үшін де қуаныш күндері алыс емес. Алда аталған елдімекендерде мединалық нысандар ашылады деп күтілуде.

    ӘМСҚ Алматы облысы филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    7 months ago
    Кітап оқыған озады

    Кітап оқыған озады

    2 weeks ago
    Ынтымақтастық нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    2 months ago
    ЖАМБЫЛДЫҢ ДОМБЫРАСЫ

    ЖАМБЫЛДЫҢ ДОМБЫРАСЫ

    10 months ago
    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.