-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортақ мұрат – ортақ тарих

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Ортақ мұрат – ортақ тарих
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Осы аптаның бей­сен­бі­сінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды. Душанбеге келген Қасым-Жомарт Кемелұлын «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік Гимндері шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Мемлекет басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Қазақстан Президенті өз сөзінде көпжақты серіктестіктің берік негізі осындай кездесулерде екенін баса көр­сетті. Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, ең алдымен, көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық көңіл үшін Тәжікстан басшылығына алғыс айтылды. «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз – сенімді одақтас елдерміз. Қазақстан тарапы Тәжікстанның қазақ халқына деген тілеулес ниетін жоғары бағалайды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Біз алға қарай жылжуымыз керек. Бұл сапар – ынтымақтастығымызды дамытуға тың серпін беруді көздейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Өз кезегінде Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді. «Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін беретініне сенімдімін. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы ықпалдастығымыз қарқынды дамып келеді. Сізбен екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға әзірмін», – деді Тәжікстан Президенті.
    Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-транзит, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифр­ландыру, ауыл шаруашылығы мен су ресурстары салаларындағы ықпал­дастық мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Тәжікстан экономикасын дамытуға тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары қарастырылды.
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты келіссөз­дер аяқтал­ғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыс нығая түскенін жеткізді. Президент келіссөз барысында қос тарап бауырлас халықтарды бір-біріне жақындастыруға, қазақ-тәжік қатынасын жан-жақты нығайтуға ұмтылатынын әңгімеледі. «Ел арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Өзара тиімді әрі жан-жақты серіктестікті арттыру үшін алдағы уақытта да барынша күш-жігер жұмсауға уағда­ластық. Екіжақты сауда-саттық мә­се­лесіне айырықша назар аударылды. Соңғы бес жылда ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы екі еседен артық өсім көрсетіп, 1 миллиард доллардан асып түсті. Биылғы алты айдың қорытындысы да ойдағыдай», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Мемлекет басшысы өзара сауда-саттықты одан әрі дамытуға екі елдің мол мүмкіндігі бар деп санайды. Мәселен, Қазақстан Тәжікстанға жалпы құны 200 миллион доллар болатын 85 тауар түрі бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Тәжікстан тарапы да Қазақстанға экспорт көлемін арттыру үшін айтарлықтай ресурсқа ие.
    Қазақстан Президентінің айтуынша, тараптар ұн тарту өнеркәсібін дамыту, өсімдік майын, кондитерлік және мал шаруашылығы өнімдерін шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласқан. Президент қазіргі кезде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру және экономиканың басқа да салаларында бірқатар ауқымды жоба әзірленіп жатқанын айтты.
    «Душанбеге сапарымның қар­саңында қазақ-тәжік бизнес форумы өтті. Оның шеңберінде бірқатар коммерциялық келісімшартқа қол қойылды. 1 миллиард доллардан астам сомаға келісімдер жасалды. Осыған байланысты біз Эмомали Шариповичпен бірге қол жеткізіл­ген уағдаластықтарды толық іске асыру туралы тапсырма бердік. IT-секторындағы ынтымақтастық екі мемлекет үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Еліміз мемлекеттік қызмет­терді цифрландыру және IT-технологияларды дамыту бағытындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластық аясында тәжік тарапына Электрондық үкімет платформасының цифрлық шешімдерін бердік.
    Қазіргі кезде KazAID – Қазақстандық халықаралық даму агент­тігінің ұйымдастыруымен тәжік мамандары еліміздің озық IT-мектептерінде білім алып жатыр. Мұндай тәжірибе алмасу IT-маман­дарымыздың біліктілігін арттыруға оң септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті. Соны­мен қатар брифингте көлік-транзит және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселе­лері егжей-тегжейлі талқыланғаны айтылды.
    Президент мәдени-гуманитар­лық байланыстарды нығайту да келіссөздерге арқау болғанын жет­кізді. Өз кезегінде Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөздерге көңілі толатынын жеткізіп, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады.
    Кеңейтілген кеңестен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстанның Тәжікстан­дағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады. «Кохи Борбад» сарайында өткен гала-концертте Қазақстан мен Тәжік­станның өнер майталмандары өнер көрсетті. Бауырлас тәжік хал­қы Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева, Темірлан Бейсембай (Ratovich), «El Voice» тобы, Фарух Тоқтамұратов (Adam) сияқты мәдениет қайраткерлерінің өнерін тамашалады.
    Ары қарайғы кездесу ертесінде жалғасын тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың басты мақсаты достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-тәжік қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеруді көздейтін ортақ мұратқа сай келетінін айтты. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында­ғы Одақтастық қатынастар туралы шарттың айырықша маңызына назар аударды. Қазақ-тәжік ынтымақтастығы барлық бағытта қарыштап дамып келе жатқаны сөз болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет күндерін ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, атап айтқанда, Душанбенің орталығында қазақтың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюстін орнатқаны үшін тәжік тарапына алғыс айтып, мұндай іс-шаралар ортақ рухани-мәдени құндылықтарымызды байыта түсетін­іне назар аударды.
    Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою ұзақ­мерзімді перспективада мемлекет­аралық байланыстарды жаңа деңгейге көтеретінін айтты.
    Кездесу барысында агро­өнер­кәсіп, су-энергетика, көлік-тран­зит салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығай­тудың негізгі басымдықтары мен міндеттері айқындалды. Тараптар бірлескен жобаларды іске қосуға, сондай-ақ бизнеске қолайлы жағдай жасауға баса мән беруге уағдаласты. Сонымен қатар келіссөздер кезінде цифрландыру, білім беру және ғарыш технологияларын пайдалану бағыттары бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейтудің мүм­кіндіктері қарастырылды.
    Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында сайлау жүйесіне, өнеркәсіпке, мұнай-газға, аграрлық салаға, цифрландыруға, бұқаралық ақпаратқа, сәулетке, азық-түлікке, ветеринарияға, спортқа, сауда-саттыққа, сот пен құқыққа, теміржолға, ұлттар мен ұлыстар бірлігіне қатысты бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Оның ішінде, атап өтерлігі, Алматы облысы әкімдігі мен Тәжікстан Республикасы Хатлон облыстық мемлекеттік биліктің атқарушы органы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техника­лық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум. Бұл шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тарихи сәттің куәсі болып қайтты.
    Бұдан әрі кездесуде Электрондық үкімет саласындағы цифрлық жетістіктер таныстырылып, жасанды интеллект, ғаламтор желісі жайында ақпараттар ұсынылды. Ресми шара аясында Қазақстан басшысымен Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Тәжікстан Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода кездесу өткізді.

    Қуаныш Тұнғатар

    Ұсынымдар

    Болашаққа хат

    Болашаққа хат

    7 months ago
    Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

    Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

    1 year ago
    Шебердің қолы ортақ

    Шебердің қолы ортақ

    5 months ago
    Татамидегі тартыс

    Татамидегі тартыс

    6 months ago
    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>