-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    18.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Ел болашағы үшін маңызды шешім
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Талғар ауданындағы «NUR KAGAZY» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Жиында атом энергетикасының еліміздің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тигізер ықпалы талқыланды.

    Халықтық штабтың мүшесі Ләззат Тұрлашов өз сөзінде атом электр стансасын салудың Қазақстан үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол атом энергетикасының елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін, сондай-ақ бұл шешімнің елді энергетикалық тәуелсіздікке жеткізетінін баса айтты.

    – Біз бүгін жаңа энергетикалық кезеңнің алдында тұрмыз. АЭС – бұл тек электр қуатын өндірудің сенімді көзі ғана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші. Қазіргі таңда біз электр энергиясының 70 пайызын көмір электр стансаларынан алып отырмыз. Алайда, олардың экологиялық тұрғыдан тиімсіз екені белгілі. Көмірден бөлінетін зиянды заттар атмосфераға айтарлықтай әсер етеді, ал стансалардың тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. АЭС салу – осы мәселелерді шешудің бірден-бір тиімді жолы. Біз заманауи III және III+ буын реакторларын қолдану арқылы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін технологиялар, – деді Ләззат Тұрлашов.

    Кездесу барысында «NUR KAGAZY» өндіріс компаниясының қызметкері Сәбит Тастеміров те өз пікірін білдірді. Ол электр қуатының жетіспеушілігі және оның өндіріс пен бизнеске тигізетін әсері туралы сөз қозғап, АЭС құрылысының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

    – Бүгінгі таңда өндіріс орындары үшін сенімді электр энергиясы ауадай қажет. 2023 жылы біз Ресейден 2 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттауға мәжбүр болдық, бұл қыруар қаражатты қажет етті. Мұндай тәуелділік бізді сыртқы факторларға осал етеді және экономикамызға теріс әсер тигізеді. АЭС салу арқылы біз өзімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, артық қуатты шетелге де сата аламыз. Бұл біздің экономикамызды күшейтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сол себепті бұл елдің болашағы үшін маңызды шешім, – деді Сәбит Тастеміров. Осыған орай ол әрбір азаматты алдағы референдумға қатысып, елдің энергетикалық болашағына өз үлесін қосуға шақырды.

    Кездесуге қатысушылар станса жобасының экономикалық және экологиялық тиімділігін талқылады. Ұжым мүшелері атом энергетикасының ел болашағы үшін маңыздылығын түсініп, оны қолдауға дайын екендерін білдірді. Халықтық штаб өкілдері осындай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырып, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап беруге дайын екендіктерін айтты.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

    Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

    2 years ago
    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    8 months ago
    Жаңа цех іске қосылды

    Жаңа цех іске қосылды

    3 months ago
    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    3 months ago
    Есей Жеңісұлы: Комментаторлық – қызыл тіл ғана емес

    Есей Жеңісұлы: Комментаторлық – қызыл тіл ғана емес

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>