-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Игілік бастауы

    19.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Игілік бастауы
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

           ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері облысқа арнайы келді. Құрамында депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері бар штаб мүшелері өңірдегі кәсіпорын ұжымдары, кәсіпкерлер және жергілікті жұртшылықпен кездесіп, Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өткізу мәселелерін саралады.

    Облыс жұртшылығымен кездесуде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев:
    – Бүгін біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың АЭС салу мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасын талқылау үшін арнайы келіп тұрмыз. Мұндай маңызды мәселені дауысқа салу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі екені сөзсіз. Бұл ретте әр азаматтың дауысы үлкен мәнге ие. Сондықтан біз елдің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек, – деді.
    Келесі қадамда штаб мүшелері «GREEN Land ALATAU» жылы­жайына барды. Онда отандық кәсіпорындарды энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне баса мән берілді. Қазіргі таңда елдің энергетикалық секторы негізінен көмір электр стансаларына тәуелді. Кездесуде сенімді және қауіпсіз энергия көзі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұрақты дамуы үшін де аса маңызды екені сөз етілді.
    Өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС-ті ұзақ мерзімді пайдалану арқылы тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға, ірі жобаларды іске асыруға жол ашылатынын тілге тиек етті. Оның сауда, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салалар мен жергілікті бизнестің дамуына оң әсерін тигізетінін жеткізді. Атом электр стансасының құрылысын салу тек ядролық мамандар мен ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларды, құрылысшыларды, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тартуды талап ететінін айтты.
    –Біз бәсекелік артықшы­лығымыз­ды пайдалануымыз керек. Қазақстан – уран өндірісі бойынша көшбасшы мемлекет. Елімізде Үлбі металлургия зауыты, Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Онда тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Яғни, елімізде барлық мүмкіндік пен ресурс бар. Сондықтан, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – біз үшін өте маңызды, – деді Мәулен Әшімбаев.
    Облысқа сапары аясында халықтық штабтың мүшелері Ш.Шөкин атын­дағы Қапшағай ГЭС-інің қызметімен танысып, станса мамандары және басшылығымен энергетика саласын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    Жол жөндеу жалғасады

    5 months ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    1 year ago
    Инвестиция  –  ел игілігі

    Инвестиция – ел игілігі

    12 months ago
    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    2 years ago
    Ерлік сабағы

    Ерлік сабағы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.