-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Дәрігер бұрышы» акциясы өтуде

    19.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    «Дәрігер бұрышы» акциясы өтуде
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

             Алматы облысының түкпір «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр.Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды.

    Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант диабетін анықтау үшін қан алып, инсулиннің мөлшерін экспресс-талдаулар арқылы бірден көрсетіп берді. «Аурудың алдын алған абзал. Біз бүгінгі акцияда қауіпті созылмалы аурулардың алдын алу үшін қажетті талдаулар жүргіздік. Қандағы қанттың көп мөлшерде болуы қосалқы ауруларды тудырады. Ауруханаға келмей-ақ бірер секундта қажетті нәтиже шығаратын мұндай шаралардың маңызы зор. Өйткені, кейбір дерттерді дер кезінде өздігінен анықтау мүмкін емес», – дейді Қарасай аудандық ауруханасының аға мейірбикесі Танерке Хайдарова.
    Тұрғындар өзге де аурулар бойынша медициналық кеңес алды. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, МӘМС есебінен дәрілік препараттарды алу, профилактикалық медициналық тексеруден өткізу мен қауіпті факторлар, ауруларды ерте сатысында анықтауға арналған скринингтың қандай жас топтарына жүргізілетінін білді. Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы туралы түсіндірілді. Мұнымен қоса, сақтандыру мәртебесі бар азаматтардың кеңейтілген медициналық көмекке қолжетімділігі жеткізілді.
    «Бұл акцияға сауда орталығында жүрген кез келген адам қатысып, олардан қан, холестерин талдаулары алынды. Артериялық қысымдарын өлшедік. Кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықты денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырып, уақытында дәрігерге қаралып тұруын айтып өттік. Қазірде емханаға тіркелу науқаны жүріп жатқандықтан, өздерінің тұрғылықты мекенжайында орналасқан емхана-амбулаторияға тіркелуге шақырдық», – дейді Қарасай аудандық ауруханасының МӘМС бойынша жауапты үйлестірушісі Гүлнара Жайсанбаева.
    Жалпы, «Дәрігер бұрышы» акциясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Қарасай аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Қор өкілдері халыққа МӘМС жүйесінің тиімділігін, науқас құқығы, елімізде енгізілген диагностикалық жаңа емдеу тәсілдері туралы, халыққа беретін мүмкіндіктерін жеткізді. Азаматтарды сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу жайын да кеңінен түсіндірді.
    «Бүгін акцияда қарасайлықтар белсенді болды. 200-ден астам тұрғынға кеңес берілді. Тұрғындарға қандай жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жүгіну керектігі, жарналарды төлеу, қате төлемдер кезіндегі әрекеттері айтылды. Жалпы, азаматтар «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне жүгіне алады. Тіптен, шетелде емделуге құқығы бар. Біз осы мүмкіндіктерді «Дәрігер бұрышы» кезінде жіті жеткіздік», – дейді Әкімбек Саурықбаев «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» алматы облыстық филиалының бас маманы.
    Айта кетейік, осыған дейін аталмыш шара Жамбыл ауданында өткен болатын. Мұндай шаралар алда облыстың түкпір-түкпірінде жалғасын табады, – дейді ұйымдастырушылар.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    2 weeks ago
    Төтенше жағдай төнбесін

    Төтенше жағдай төнбесін

    6 months ago
    Жылдарға жалғасқан жырлар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    1 year ago
    Неміс мәдениеті паш етілді

    Неміс мәдениеті паш етілді

    10 months ago
    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.