-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ой салған аға хаты

    28.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ой салған аға хаты
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Қазақтың айтулы ақыны Олжас Сүлейменовтің «Данышпандар туралы зерде – олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ел жадында сақталады» деген сөзі Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақ детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевқа арналғандай әсер қалдырады. Жазушының қолжазбаларын, хаттарын архивтен көшіріп алып, көп зерттедім. Соның ішінде мына бір хаты үлкен ой салады.

    1968 жылы 6 ақпанда жазған хатында Кемел Тоқаев: «Қазақ ССР-інің әкімшілік территориялық бөлінісіндегі өзгерістер туралы анықтаманы бірнеше рет аудар­дық. Мәселен, біз Шиелі десек, орыстар Чилийский, Чилик деп жазған. Сірә, анықтаманы жазу үшін топономикалық комиссия­ны құру керек дегенімде Сабыр Біләлұлы үндемеді», – деп келтіреді. Осы бір үш сөйлемнің өзінен Кеңес одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде Кемел Тоқаевтың ұлтының қамын жеген өресі биік азамат болғанын аңғарамыз. Осы күнге дейін қаншама жер-су атауы бұрмаланып, мағынасы өзгертіліп жазылды, орысша алмастырылды. Кеңес билігінің жергілікті елдімекен атауларының пайда болуының тарихқа байланысты екенін немесе аңыздарға сүйеніп аталғанын нақтылап, ұқсастырып жазуды ойламай, басынып, өздерінің ыңғайына қарай селқос жаза салуы ағамызды қатты толғандырған.
    Кемел ағаның әр хатын оқыған сайын қандай патриот болғанын, ана тілінің болашағы үшін үлкен лауазымды адамдардың алдына талай барып, өзекті мәселелерді қаймықпай көтеріп отырғанды­ғын байқайсыз. «Азамат жетім болмайды, халықтан болса панасы, Халық жетім болмайды, басшы болса данасы» деп атам қазақ айтқандай, қазіргі Президент саяса­тының арқасында әлем­нің алпауыт елдерімен иық тірескен заманда біз кімге жалтақтап, кімнен жасқануымыз керек?
    Еліміз тәуелсіз­дігін жариялап, дербес мемлекет болғанына 30 жылдан асты. Алайда ана тіліміздің шұбарланбауы үшін күрес, тіл тазалығын сақтау – әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған мәселе. Ал тілдің шұбарлануы – оны білмеуден де қатерлі. Өз басым келешек ұрпақ үшін қорқамын. Қазіргі адамдар смартфонды серік еткенімен қоймай, оны бір жасқа толар-толмас балаға да беріп қоятын болды. Смартфонға телміріп, соған бейімделген балаға мына шынайы өмір қызық емес. Бүгінде мектеп жасына толмаған әрбір үшінші баланың тілі шықпаған. Ата-анасы дефектолог, остеопад, психологтардың көмегіне жүгініп, тапқан-таянғанын соның жолына жұмсауда. Бұл – ұлт болашағы үшін өте қауіпті жайт.
    Нәресте дүниеге келген күннен бастап анасы перзентінің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіруі қажет. Ұялы телефон бермей, ертегі айтып, жүріс арбасына отырғызбай, еңбектетіп, тәй-тәйлатып, фастфуд бермей, айран-сүт ішкізіп, сүйек мүжітіп, ет жегізіп, қазақ қанын жаңғырту керек. Халқымыз төрт-бес жасынан баланы атқа отырғызған. Ақшаны остеопат, тағы басқаларына жаратқанша, сенбі-жексенбіде ипподромдарға барып, ақылы болса да атқа отырғызып, жүген ұстатып үйретуіміз керек. Сонда олар батыстың қызтекелеріне еліктемейді. Салт-дәстүр негізінде тәрбиеленіп өскен бала ешкімнің үгітіне көнбейді. Жат қылықтан аулақ болады. Балабақша мен мектептен бастап балаларды өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеуге баулу қажет.
    Тарихта бүгінге дейін бөтен елдің тілімен не өзге елдің мәдениетімен алға шыққан бірде-бір ұлт жоқ. Сондықтан да елімізге жастарды өз ұлтының салтымен, ұлттық құндылығымен тәрбиелейтін, ана тілімен сусындататын мемлекеттік жүйелі саясат керек. Біз үшін ең маңызды дүние – ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпау, тарихымыздың, мәдениетіміздің, ана тіліміздің қаймағын бұзбай сақтау, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осыны ел болып қолдап, осы жолда жұрт болып жұмыла жұмыс істейік.

    Бақтығалы АЙЖІГІТОВ,
    жазушы

    Ұсынымдар

    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті

    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті

    8 months ago
    Дәстүрлі доп додасы

    Дәстүрлі доп додасы

    3 months ago
    Жаңару символы – саяси реформалар діңгегі

    Жаңару символы – саяси реформалар діңгегі

    3 months ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    8 months ago
    Амал келді, жыл келді!

    Амал келді, жыл келді!

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>