-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аты аңызға айналған

    30.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Аты аңызға айналған
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Осыдан тура 30 жыл бұрын, 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қазақстандық шекарашы Раджан Батырқанов ерлікпен қаза тапты. Шекара бұзған содырлармен болған күші тең емес ұрыста командирі мен қаруластарының өмірін сақтап қалу үшін содырлардың оғын өзіне бұрған Раджанның ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

    Бүгінде кіші сержант Р.Батырқановтың есімін еншілеген шекара бөлімшесі жас шекарашы сарбаздарды батырлық пен патриоттыққа үндейтін тәрбие орталығына айналған. Өзі туған Қатонқарағайда көше мен мектептегі мүйіс батырдың есімімен аталады.

    Ал осынау ерлік қалай жасалып еді? 1994 жылғы 28 қыркүйекте Хаким бандасының екі жүзден астам қарулы содыры 9 автокөлікпен Тәжікстанның Хорог қаласы маңындағы мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Ауғанстанға өтуге бет алады. Олардың жолына 38 қазақстандық және ресейлік шекарашы тосқауыл болып тұрады.

    Соғысқа бірінші болып кірген ресейлік офицер Константин Селюк пен Раджан Батырқанов қаруластарына моджахедтерге тылдан шабуылдауға мүмкіндік береді. Алайда ұрыста ауыр жарақаттанған Раджан көп қан жоғалтып, есін жимастан қайтыс болды. Ұрыстың нәтижесінде моджахедтер жойылып, содырлардың кепіліндегі адамдар құтқарылды.

    Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Р.Батырқанов қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мінеки, мұның барлығы да Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі болып табылады. Ал Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, батыр шекарашы Тәжікстан Республикасының жоғары наградасы І дәрежелі «Спитамен» орденінің иегері атанғаны туралы сүйінші хабардың жеткеніне де үшінші жылдың жүзі болып барады.

    2024 жылдың 28 қыркүйегінде еліміздің түкпір-түкпірінде шекарашы Р.Батырқановтың есімін ұлықтап, ерлігіне тағзым етуге арналған шаралар өтті. Солардың бір парасын ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті де ұйымдастырған. Шекарашы ардагерлер мен жеке құрам Мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының батырларына, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары ерлікпен  қаза тапқан шекарашылардың рухына тағзым жасаған соң, №102 орта мектебінің оқушылары «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қатарына кіру үшін ант қабылдады.

    Айта кетерлігі, бүгіннен бастап, аталған мектептің 7 «Ә» сыныбы Р.Батырқановтың есімімен аталғаны туралы ақжарма хабарды департамент бастығының орынбасары полковник А.Мұналбаев мәңгілік алау басына жиналған көпшілікке толқи тұрып жеткізді.

    Бұдан әрі жас патриоттар Армия үйіне барып, И.Панфилов мұражайын аралап көрді.

    Иә, Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімі шекарашыларымызды бейбіт күнде де ерлік істерге бастайды. ҰҚК Шекара қызметінің хас батырына айналған Раджанның 1994 жылы 28 қыркүйекте жасаған ерлігі – сөзіміздің жарқын үлгісі.

    Тамара Дәулетбаева,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Елге қызмет – абыройлы міндет

    Елге қызмет – абыройлы міндет

    11 months ago
    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    1 year ago
    Ономастика – ұлт айнасы

    Ономастика – ұлт айнасы

    5 months ago
    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керек — Президент

    1 year ago
    Жас мамандарды қолдау

    Жас мамандарды қолдау

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.