Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында референдумға «барыс» келді

Алматы облысында референдумға «барыс» келді

Облыс орталығы Қонаев қаласындағы №949 учаскесіне шаһар тұрғыны барыстың киімін киіп келді.

Әкежан Қабдолдаев қаланың символына айналған, түз тағысының киімінде келуін, бүгінгі референдумға өзгеше ажар беріп, жаңаша леп қосқысы келуімен түсіндірді.

« Референдум-болашаққа нық қадам. Әр ел азаматы өзінің көзқарасын, ойын ашық әрі бүкпесіз жеткізетін күрделі сәт. Сондықтан, менде бұл күні шетте қалмай таңдау жасауға келдім»,-деді Әкежан Ермекұлы.

Айта кетейік, облыста 643 дауыс беру учаскесі құрылды. Өңірде 994 367 адам дауыс беруге құқылы.