Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаев әкімі референдумда дауыс берді

Қонаев әкімі референдумда дауыс берді

3 қаралым

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов №939 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бүгін еліміз үшін маңызды оқиға – атом электр станциясын салу жөніндегі референдум өтіп жатыр. Референдум – демократияның маңызды құралы. Әр азамат өзінің позициясын білдіруге құқылы. Мен өз елімнің тұрғыны ретінде отандастарыммен бірге дауыс беруге келдім», – деді Асхат Бердіханов.

Жалпы Қонаев қаласы бойынша 30 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26 -сы ашық, төртеуі – жабық учаске. Сайлаушылар саны — 44581.