Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Еңбек Даңқы» медальінің иегері, сахна шебері, Талғар аудандық «Қуыршақ» театрының жетекшісі Әділхан Қабылов референдумға қатысып өз таңдауын жасады.
Өнер қайраткері референдумның еліміз үшін маңызын атап өтті.
«Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс беремін!», – деді Әділхан Қабылов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Талғарлықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.