-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    06.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

               Жамбыл ауданындағы мектептердің бірқатарында екі дауыс беру учаскесінен орналасқан. Сондай білім орындарының бірі – Ұзынағаш ауылындағы жүз жылға жуық тарихы бар Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі. Мұнда №263 және №264 дауыс беру учаскелері жұмыс істейді.

    Мектептің спорт залында орналасқан №263 дауыс беру орнында 2593 сайлаушы, ал негізгі корпустағы №264-ші учаскеде 2554 сайлаушы бүгін өз таңдауларын жасамақ. Барлығын қосқанда бұл мектептің ғимаратында ертеңгі сағат 7.00 мен кешкі 20.00 аралығында 5147 азаматтың саяси таңдауы анықталуға тиіс. Жұмыс, әрине, өте ауқымды. Жауапкершілікті сезінген екі комиссияның мүшелерінде тыным жоқ. Азаматтардың заңға сәйкес дауыс беру тәртібінің сақталуы, жеке адамның құқығының бұзылмауы үшін әр сәтті қалт жібермеуге тырысып жатқанына куә болдық.

    Осындағы дауыс беру үрдісін қалт жібермей қадағалап отырған бақылаушыларды көрдік. Олардың «Аманат» партиясы, «Дауыс» қоғамдық бірлестігі, аудандық «Әйелдерді қолдау» орталығынан  екенін білдік. Аты-жөндерін Меруерт Нұрғали, Раушан Бапиева, Айжан Көшкін деп таныстырған бақылаушылар біз барған уақытқа дейін ешқандай заң бұзушылықты байқамағандарын, дауыс беру үрдісі белгіленген тәртіппен өтіп жатқанын айтты.

    Аталған мектепте 2 мыңның үстінде оқушы білім алады. Мектеп басшысы Эльмира Мақашеваның өзі №264 сайлау учаскесінің төрағасы ретінде жауапты саяси науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дұрыс өткізілуі үшін басы-қасында жүр. Таңғы сағат 7.00-де мемлекеттік гимн ойналып, ақсақал Ерлан Самсалиев бата беріп, алғашқы болып дауыс та беріпті. Ал жасы биыл 18-ге толған Даяна Асылбек өз қатарластарының алды болып таңдауын жасады. Бастауыш сынып мұғалімі Іңкәр Жамалова екі ұлымен және екі келінімен, немерелерімен келіп дауыс берді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы  

    Ұсынымдар

    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    6 months ago
    Қаламгер кабинеті ашылды

    Қаламгер кабинеті ашылды

    1 year ago
    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    2 years ago
    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    6 months ago
    Анық ақпарат vs фейктер: цифрлық дәуірде ақпараттың сенімді екенін қалай анықтауға болады?

    Анық ақпарат vs фейктер: цифрлық дәуірде ақпараттың сенімді екенін қалай анықтауға болады?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.