⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдумға қатысқандардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады – ОРК

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Референдумға қатысқандардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады – ОРК
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қазақстанда 6 қазан күні өткен референдумда дауыс бергендердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

    «Биылғы 7 қазандағы таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10 323 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының комиссияларынан алынған жедел деректердің негізінде, Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығарды» , – деді Н. Әбдіров елордада өткен брифингіде.

    Оның айтуынша, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487 адамды құрады.

    «Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 млн 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызын құрады. Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын немесе 5 млн 561 мың 937 адамды құрады. Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселеге қарсы дауыс берген адамдардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 млн 45 мың 271 болды», – деді Нұрлан Әбдіров.

    Оның айтуынша, жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны 82 729-ды құрады. Жарамсыз деп танылған 130 267 бюллетень анықталды.

    Еске салайық, кеше қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

    Кеше 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.

    «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры дайындаған exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.

    Бұдан бөлек, 6 қазан күні Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

    Ұсынымдар

    Сарбаздар күш сынасты

    Сарбаздар күш сынасты

    8 months ago
    Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр

    Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр

    2 months ago
    Алдағы міндет айқындалды

    Алдағы міндет айқындалды

    4 months ago
    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

    7 months ago
    Мемлекет басшысы: Сайлау алдындағы уәделер орындалуы тиіс

    Мемлекет басшысы: Сайлау алдындағы уәделер орындалуы тиіс

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>