-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бюджет Қаржысы

    тиімді жұмсалуы тиіс

    16.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Бюджет Қаржысы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезекті ХХVІІ сессиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде келелі 7 мәселе қаралған жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, басқарма өкілдері, депутаттар, онлайн режимде қала, аудан басшылары мен мәслихат төрағалары қатысты.

    Сессия отырысы облыстық мәсли­хат депутатының босаған мандаты­ның орнына келген кандидатпен таныстырудан басталды. Бұл жөнінде сөз алған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова «Қазақстан Республикасын­дағы сайлау туралы» Конституция­лық заңының 14, 45, 46-баптарына, 111-1-бабының 6-тармағына және 112-бабына, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы­ның 2024 жылғы 11 қазандағы №47 қаулысына сәйкес, босаған депу­таттық мандаттың орнына «АМАNАТ» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидат Виталий Гринченкоға депутаттық куәлік тапсырып, облыстық мәслихатта жемісті еңбек етуін тіледі. Сондай-ақ өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, сайлаушылардың сенімін ақтау және халықтың мүддесін қор­ғау жолында қажырлы еңбек ететініне сенім білдірді.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Алматы облысының 2024-2026 жыл­дарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу, екінші мәселе – Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының іске асырылуы бойынша облыстық экономика және бюджеттік жос­парлау басқармасының басшысы Аслан Ораз сөз алып, бүгінгі таңда жалпы облыстық бюджеттің көлемі 886,4 млрд теңгені, оның ішінде жергілікті бюджет 705,3 млрд теңгені құрайтынын жеткізді. Ол өз сөзінде:
    – Жергілікті бюджет көлеміндегі меншікті кірістердің жоспары – 505,9 млрд теңге. Субвенция – 183,6 млрд теңге. 2019 жылдан бастап жасалған талдауға сәйкес, бюджетке түсетін түсімдердің 4-тоқсандағы үлес салмағы орта есеппен 27,8 пайыз­ды құрайды. Сәйкесінше, осы 4-тоқсандағы бюджеттің орындалуы шамамен 144 млрд теңге болады деп болжап отырмыз. Биылғы 9 айдың қорытындысына, жылдық бюджет көлемінің 75,5 пайызға орындалуына және облыс мәслихатының тұрақты комиссиясында айтылған ұсыныстарға сәйкес, салықтар түсімін 20,4 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар меншікті кірістер жөніндегі жылдық жоспарды сапалы орындау мақсатында салықты өндіру бойынша да түзету енгізіліп отыр. Жеке табыс салығын және әкімшілік айыппұлдар­ды ұлғайтып отырмыз, – деп экономика саласындағы оң өзгерістерді тілге тиек етті. Сонымен қатар басқарма басшысы облыстық деңгейде 31 бюджеттік бағдарлама әкімшілері жұмыс атқара­тынын, бюджеттік өтінімдердің жалпы сомасы 184,4 млрд теңгені құрайтынын айтты. Өтінімдердің негізгі үлесі білім, жол, құрылыс, энергетика басқармаларына тиесілі екен. Ал жалпы бюджеттегі қомақты қаржы әлеуметтік салаға бағытталған көрінеді. Мұнда бірінші кезекте тұрған жалпы қажеттілікті өтеу үшін мұғалімдердің жалақысын көтеру, балалардың білім алуы, әлеуметтік жағдай сынды мәселелерге алғашқы кезекте қаржы бөлу қарастырылған. Сондай-ақ баяндамашы тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту үшін Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, бюджеттен 5,3 млрд теңге қарастырылғанын алға тартты.
    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – «2023-2025 жылдарға арнал­ған Алматы облысы бюджеті­нен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы №12-63 шешіміне өзгеріс енгізу бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев баяндама жасады.
    Келесі кезекте «Алматы облысы­ның Құрметті азаматы» атағын беру жайы қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұловаға сөз берілді. Ләззат Мұқатайқызы облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасының 5-тармағына және облыс әкімінің ұсыныс-хатына сәйкес, «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағына ұсынылған кандидаттардың өмірбаянымен таныстырды. Халық қалаулылары бірауыздан қолдап, ел үшін еңбек етіп, облыс экономикасы­ның дамуына атсалысып жүрген үш тұлғаға атақ берілді.
    Мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев күн тәртібіндегі келесі мәселелер – облыс мәслихаты­ның ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының, индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша тұрақты комис­сиясы төрайымының, дін, тіл, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебін тыңдау жөніндегі жиын депутаттардың өз арасында талқыланатынын жеткізді.
    Мәслихат отырысын қорытындылаған Марат Елеусізұлы облыс орталығын өркендету, Алматы агломерациясын дамыту бойынша алдымызда ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Сондай-ақ аймақтың даму жоспары кезең-кезеңімен іске асатынын жеткізіп, бюджетті нақтылау мәселелері бойынша да сөз қозғады.
    – Биыл жергілікті бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік саланың жұмысын тұрақтандыруға бағытталды. Балабақшалар бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мұғалімдердің жалақысын арттыру, оқушыларды тегін тамақпен қамту және тасымалдауға да 30 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сонымен қатар қаржы облыс халқымен кездесуде жиі көтерілетін сұрақтардың шешімін табуы үшін де қарастырылды, – деді.
    Аймақ басшысы салық жоспарын 20 млрд теңгеге арттыруға шешім қабылданғанын айтып, бұл істе аудандар мен қала әкімдерін, мемлекеттік кірістер департаменті мамандарын бірлесіп, жоспарды жоғары деңгейде орындауға шақырды. Сөзінің соңында қосымша кіріс көздерін іздестіру, берешектерді азайту бойынша да кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    ЖАУАПТЫ НАУҚАН

    ЖАУАПТЫ НАУҚАН

    2 weeks ago
    Мемлекет шығынды түгел өтейді – Президент су тасқыны зардаптары жайында

    Мемлекет шығынды түгел өтейді – Президент су тасқыны зардаптары жайында

    1 year ago
    Бас прокуратурада жол саласындағы заңның сақталу жайы талқыланды

    “Халық көп қоныстанған аудандардағы жол бірінші кезекте жасалады”

    2 years ago
    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    Студенттерге құқықтық білім берді

    3 days ago
    Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары

    Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>