-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәслихат рөлін арттыру маңызды

    16.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

          ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін нығайтудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Аталған семинар аясында кәсіби ма­мандар бес күн ішінде депутаттарға бюджетті құру, мемлекеттік қызметтің өнімділігін арттыру, коммуникациялық құралдармен ұтымды жұмыс істеу сынды тәжірибелік сабақтар өтеді.

    Семинардың алғашқы күні облыстық мәсли­хаттың төрағасы Қуат Байғожаев аудандық мәслихат депутаттарымен интерактивті пікірталас өткізді. Пікірталаста халық қалаулылары қызметті тиімді ұйымдастыру, қоғаммен байланыс орнату және тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау мәселелері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Қуат Сұлтанұлы депутаттардың белсенділігін арттыру, тұрғындармен ашық диалог жүргізу және мәслихат жұмысының нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстар жасады.
    – Елорда төрінде өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мәселесін шешуде маңызды рөл атқаратын депутаттық мандат иелерінің біліктілік деңгейін артыру керектігін айтты. Сондықтан да мәслихат депутаттары елдік мәселеге белсене үн қосуы қажет. Сонымен қоса әр депутат жергілікті бюджеттің игерілуі мен көптеген мемлекеттік бағдарламалардың шынайы жүзеге асуына қыра­ғылық танытуы керек. Сонымен бірге жақсы әлеуметтік бастамаларға да қолдау көрсете білуі шарт. Мұның барлығы депутаттардан кәсіби біліктілікті талап етеді, – деді облыстық мәслихат төрағасы.
    Семинар барысында депутаттарға заңнамалық өзгерістер, бюджеттік процестер және жергілікті басқару тетіктері туралы ақпарат берілді. Халық қалаулылары топтық жұмыс барысында өз тәжіри­белерімен бөлісіп, түрлі мәселелерді шешудің жолдарын талқылады. Қатысушылардың айтуынша, мұндай семинарлар депутаттардың кәсіби деңгейін көтеруге, халықпен тиімді коммуникация орнатуға және жергілікті мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Оң динамиканы сақтау маңызды

    Оң динамиканы сақтау маңызды

    2 months ago
    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    1 month ago
    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    5 months ago
    Оқу-ағарту вице-министрі оқушылармен кездесті

    Оқу-ағарту вице-министрі оқушылармен кездесті

    1 year ago
    Ескерткіштер маңайы тазаланды

    Ескерткіштер маңайы тазаланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.