-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

    22.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдени іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында көшелерді тазалау, Мемлекеттік гимнді орындау, патриоттық бағытта челлендждер өткізу секілді іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, еңбегімен елге танылған азаматтар марапатталып, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың мерекелік құттықтаулары да жоспарланған.

    «Барлығы 177 мерекелік іс-шара өткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде тақырыптық көрмелер, әдеби-танымдық сағаттар, концерттер, спорттық жарыстар және халықтық серуендер бар. Туған елдің мәртебесін көтеру мақсатында арнайы челлендждер ұйымдастырылады», – деп атап өтті Данияр Әлиев.

    Сондай-ақ, мереке қарсаңында облыс аумағында жаңа мәдениет нысандары ашылады. Атап айтқанда, Райымбек ауданындағы Жамбыл және Кеген ауданындағы Қарқара мәдениет үйлерінің ашылу салтанаттары өтеді деп жоспарлануда.

    24 қазан күні Қонаев қаласындағы Жеңіс саябағында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтеді. Ал сол күні түстен кейін Қонаев қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен салтанатты жиын өткізіліп, мемлекеттік марапаттар табысталады. Мерекелік концертте танымал өнер жұлдыздары мен облыстың дарынды өнерпаздары өнер көрсетеді.

    25 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимн орындалады. Бұл шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысады.

    Ұсынымдар

    Жастарға жанашыр еді

    Жастарға жанашыр еді

    11 months ago
    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    2 weeks ago
    Үшжақты келісім

    Үшжақты келісім

    5 months ago
    Елдіктің белгісі биікте болсын

    Елдіктің белгісі биікте болсын

    1 year ago
    Жайылымды жайлаған қара құрт

    Жайылымды жайлаған қара құрт

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.