-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    23.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен инновациялық жобалардың арқасында салаға тың серпін берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Досжан Жүзбаев мәлімдеді.

    Облыстағы егістік көлемі 419,5 мың гектарды құрады. Қазіргі таңда өңірдегі 132 мың гектар алқаптан 357 мың тонна өнім жиналды. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, биыл ең көп егілген дақыл — жүгері. Әзірге 107 мың тоннадан астам жүгері жиналып, аймақ бұл салада жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

    “Ауыл шаруашылығында биыл жаңашыл әдістерді кеңінен қолданып, өнімділікті 30 пайызға дейін арттыруға қол жеткіздік. Бұл – облысымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерінің бір ғана тұсы”, -деді Досжан Жүзбаев.

    Облыста мал шаруашылығы саласы да айтарлықтай дамып келеді. Ірі қара мал саны 609,6 мың басқа жетсе, ұсақ мал саны 2,7 миллион басты құрады. Жылқы саны да өсіп, 228,9 мың басқа жетті. Ет өндірісі 190,2 мың тоннаға дейін өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға жоғары көрсеткіш. Сүт өндірісі де тұрақты өсіп, 221,8 мың тоннаға жетті.

    Агроөнеркәсіптің дамуына үлес қосып отырған тағы бір маңызды бағыт — инвестициялық жобалар. Биыл жалпы құны 7,1 миллиард теңге болатын 10 ірі жоба жүзеге асырылып, оның ішінде жылыжайлар, балық шаруашылығы мен мал бордақылау кешендері кеңейтілді. Тамыз айында жылына 10 000 тонна балық өнімдерін өндіруге қауқарлы “ОспановаДевелопмент” ЖШС іске қосылды. Бұл жобаға 2024 жылға арналған инвестиция көлемі 1,7 миллиард теңгені құрады.

    Спикердің айтуынша,су ресурстарын тиімді пайдалану да назардан тыс қалмады. Биыл 38 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері арқылы өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, облыс шаруаларына қолдау көрсету мақсатында “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 2023 жылы 8,3 миллиард теңге бөлініп, 1 090 шағын несие берілді. Бұл қаражат ауыл кәсіпкерлеріне үлкен серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік тудырды. 2024 жылы тағы 17,6 миллиард теңге бөлініп, 2 514 шағын несие беру жоспарланып отыр. Бұл облыс тұрғындарына қосымша табыс көздерін ашып, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

    Ұсынымдар

    «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

    «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

    9 months ago
    Теңгенің 30 жылдығында қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

    Теңгенің 30 жылдығында қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    8 months ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    8 months ago
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>