-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жастарға арналған саябақ

    29.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Жастарға арналған саябақ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

            Республика күні ­Ұйғыр ауданының Шошанай ауылында дүбірлі той өтіп, «Жастар саябағының» ашылуы болды. Бұл істі осыдан екі жыл бұрын ауыл азаматтары қолға алған еді.

    «Батаменен ер көгерер» деген қағиданы санасына мықтап түйген қазақ әр ісін батасыз бастамаған. Сондықтан да ең әуелі ауыл ақсақалы Қалабай Мерейімов атамыз бата берді. Елдің тыныштығын, жердің амандығын, болашағымыздың жарқын болуын тілеген ақ батадан соң саябақтың лентасы қиылды. Бұл рәсімді Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, облыстың Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов, ауыл ақсақалы Ыбырай Асаубаев және басқа да ел ағалары атқарды.
    Қонақтар осы саябақ ішінде ашылған Албан ұрпағы Жарман бабадан тараған Біте, Базар, Майлы, Тама, Алаш аталарымызға қойылған құлпытас жанына келіп, Құран бағыштады. Әрмен қарай балалар ойын алаңы, арнайы шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы сынды ойындарға арналып қойылған үстелдерді тамашалап болған соң үлкен сахна маңына жиналды. Бұл күні түрлі спорттық ойындар да ойналды. Алтыбақан теуіп асыр салған қыз, бозбала да осы маңнан табылды. Кимешегін киініп келген әз әжелер де тойдың сәні болды.


    Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы жиналған көпшілікті «Жастар саябағының» ашылуымен, онымен тұспа-тұс келген Республика күнімен құттықтады. Елдің берекесі де, дамуы да – ынтымақтан, бірлігі жарасқан елдің ғана ертеңі кемел болатынын жеткізген аудан басшысы өңірдің өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматты марапаттады.
    Алматы облысының Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов ағамыз да ізгі тілегін арнап, бұл саябақ ауыл азаматтарының биік мәдениеттілігін, үлкен парасаттылығын көрсететінін айтты. Ал ақын Бақыт Беделхан той құрметіне жырдан шашу шашты. Осынау жақсылыққа ортақтаса келген сарыбастаулық жеке кәсіпкер Айдос Суанбек саябақтың көрімдігі ретінде Шошанай ауылына футбол алаңын салып беруге уәде берді. Айдос бұған дейін де осы ауылдағы мешіт құрылысына өз үлесін қосқан. Жаны жайсаң, жомарт азаматтың мұндай ел мақтар ісі көп.
    Ауылдан кеше ғана қанаттанып ұшқан, бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері атанған Аяжан Бекболатқызы, Сырғалым Елжанқызы және 10-сынып оқушысы Мұқағали Ташкенов жас жігерлерімен жалынды сөз сөйлеп, ел ағаларының игі бастамасын үзіп алмай, әрмен қарай жалғау өздеріне артылған үлкен жүк екенін жеткізді. Жырдан шашу шашып, алқалаған ағайынды бір серпілтіп тастады.
    Қорытынды сөз алған Шошанай ауылының азаматтары – Мәулен Нұров пен Марат ­Сиыршиев ағаларымыз құлпытастың мүсінін сызған суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серғазы Жаманқараев пен өлеңін жазған Бақыт Беделханға шапан жауып, сый-сияпаттарын ұсынды. Шараның соңы аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің мерекеге арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ал жиналған барша ағайын ақшаңқан қазақ үйлер мен қатымханада жайылған астан дәм татып, ізгі тілектер легін дастарқан басында жалғады.
    «Жастар саябағына» бүгінде 1000 түптен астам ағаш отырғызылған. Бұл қатарда жеміс ағаштары, тал-терек, қарағай, шырша бар. Әртүрлі гүлдер де жайқалып, саябақтың сәнін ашып тұр. Балалар ойын алаңы, зәулім сахна, тарихтан тәбәрік болар құлпытас, бәрі де ауылдың ажарын келтіре түскен. Бірлік пен татулықтың арқасында аядай Шошанайдың осындай үлкен дүниені бастауы шыныменен де мақтауға тұрарлық. Бұл күні шошанайлықтар нағыз мәдениеттіліктің, татулықтың, қонақжайлылықтың үлгісін көрсете білді.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Абырой биігінде

    Абырой биігінде

    1 week ago
    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    5 months ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    3 months ago
    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    2 years ago
    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Zhas Project жобасына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>