-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сәлем – сөздің анасы

    02.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Сәлем – сөздің анасы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

            Әлеуметтік желіде сұхбаттасыңыздың сізге сәлем беруі өте сирек жағдай. Мойындайсыз ғой? Қашан амандасады деп күтіп әуре болудың қажеті шамалы. Өзіңізді соған іштей дайындап қойыңыз. Әйтпесе, текке ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Сонымен, онлайн хат жазуда қандай этикет ережелері барына көз жүгіртіп көрелік.

    Адамдар интернетте неге амандаспайды? Өйткені ілтипаттылыққа уақыт жетпей жатады. Сондықтан диалог бастала сала, «сәлем» алмастан қандай да бір мәселенің мәніне бірден көшіп, шешімін табуға тырысады. Ол үшін экранның ар жағындағы жанға ренжи аламыз ба? Іс жүзінде егер хат жазысуды маңызды нәрседен бастасаңыз, сұрағыңызға жауап алуыңыз тезірек болмақ. Мұндай жағдайда сұхбаттасыңыз сіздің бос әңгімемен мылжыңдап уақытын алу үшін емес, өзіне белгілі бір мәселе бойынша жазып отырғаныңызды дереу түсінеді.
    Енді ілтипаттылық жайына тоқталайық. Көбінесе біз телефонмен қоңырау шалғанда: «Мен бөгет болып тұрған жоқпын ба?» – деп сұраймыз. Хабарлама жазысқанда да кейбір адам: «Сәлем! Уақытың бар ма?» – деп жатады. Бұл әңгімелесушіге жолсыздық болып көрінуі ықтимал, өйткені оның жауап беруі және сосын нені білгің келетінін күтуі керек.
    Ал енді мәселеге психологиялық тұрғыдан келсек, мұндай адам өзін өзгелерден жоғары санап, қарапайым ғана «саламатсызбалық» деңгейге «құлдилауды» өзіне ар санауы мүмкін. Тұтастай алғанда, психологтер бұл санаттағы адамдар туралы әрқилы түсіндірме айтады. Сондықтан жай ғана өз айналаңызда өзін өзгелерден жоғары санайтындықтан амандасуға дағдыланбаған адам бар екендігіне мойынсұнуға тура келеді. Бұған қоса, көптеген кісілер әлеуметтік желіде әр кеш сайын диалог құрып отыратын өз достарымен де амандаспайды. Мұны әншейін ғана әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәнері деуге болады. Өте жақын досымызбен хабарласқанда көпшілігіміз «сәлемді» жайына қалдырып, бірден істің мәніне көшеміз де, айтпақ болған жайттарды ғана жазамыз.
    Тағы бір желке қасытар жайт – онлайн-қатынас этикетінің негізгі ережелері. Олар қандай? Бастысы, хабарламаны бірнеше ұсақ бөлшекке бөлмеңіз. Егер сіз «Сәлем!» деп жазсаңыз, сіз жазған адам «Не сұрамақшы екен?» деп ойлауы мүмкін, ал егер әңгімелеспек болған кісіңіз тым мазасыз жан болса, онда ол бұған қоса «Не болды екен? Мен не бүлдірдім?» деген сыңайдағы сұрақтармен өзін жазғыруы кәдік. Диалогке не үшін шығып отырғаныңызды бірден білдіре кетіңіз. Бір ғана хабарлама жазбақ болсаңыз, оны бірнеше жеке жазбаларға бөлшектемеңіз. Әдетте бұл хат жазып отырған кісіңіздің шамына тиюі мүмкін. Хат жолдамақ адамыңыздың келісімінсіз дыбыстық хабарлама жолдамаңыз. Бұл кезде сұхбаттасыңыздың тыңдау мүмкіндігі болмай қалуын жадыңызда ұстаңыз! Ол адамға сіздің дыбыстық хабарламаны тыңдау ыңғайлы ма, жоқ па, алдын ала біліп алу керек.
    Уақыт жағы үнемі жадыңызда болғаны жөн. Егер хабарламаңыз «өмір мен өлім» мәселесіне қатысты болмаса, оны тым ерте немесе тым кеш жіберудің қажеті жоқ. Көптеген адамдар жатар алдында хабарландыру дыбысын өшірмейді, сондықтан сұхбаттасыңызды оятып жіберуіңіз әбден мүмкін. Этикет бойынша хабарламаларды таңғы 8:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жолдауға болады. Ал егер дәл сол кезде хабарлама жіберу қажеттігі туындаса, көптеген әлеуметтік желіде «кейінірек жіберу» немесе «қоңыраусыз жіберу» деген функциялар бары ойыңызда болсын.
    Ендігі бір мәселе – тыныс белгілері. Бұларды қойып отыруды этикет нормалары ізеттілік, құрмет және сауаттылық деп белгілеген. Шын мәнінде, тыныс белгілерінің барлық ережесін білу міндетті емес. Кейде үтірді үн қатқалы отырған адамның есімінің алдына немесе соңына қойса және сөйлемді нүктемен аяқтасаңыз жеткілікті. Ал шұғыл жауап жаза алмасаңыз, онда бұл жөнінде ескертіп қойыңыз.
    Хабарламаңызды жіберер алдында қайталап оқып алыңыз! Өйткені шапшаң жазу барысында әріп қатесі кетіп қалады. Сонымен қатар автоауыстыру қосылып кетіп, желінің арғы басындағы адамға ұнамайтын сөз кетіп «түзеп» жіберуі ғажап емес. Жаңылыс теру мен қате жазу мәтінді түсінуді қиындатып, онда айтылмақ ойды бұзады. Қатесіз терілген мәтін – бұл сұхбаттасыңызға деген құрмет, өйткені ол сіздің не жазбақ болғаныңызды түсіну үшін желкесін қасып әуре болмайды. Сондай-ақ шынайы өмірде айта қоймас нәрселерді жазбаңыз! Интернет айдынында өмірдегідей емес, барлық адам жүрекжұтқан батыр. Сондықтан «шынайы» және «онлайн» адам делінетін жікке бөлінбеңіз! Сұхбаттасыңызға шынайы өмірде айта алатын нәрсені ғана жазыңыз!

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Мүмкіндік алаңы

    Мүмкіндік алаңы

    3 weeks ago
    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    5 months ago
    Жүрегі жырдан жаралған

    Жүрегі жырдан жаралған

    3 months ago
    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    2 years ago
    Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

    Заң бұзған жазаланады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.