Алматы облысында үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 500-ге жуық тұлға анықталды.
– Жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде көші-қон заңнамасын бұзудың 491 фактісі анықталды. Негізгі заң бұзушылықтар – рұқсат етілген мерзім өткеннен кейін елден уақтылы шықпауы (202 жағдай), сондай-ақ 10 күннен артық кетуден жалтару (232 дерек). Сонымен қатар, қажетті құжаттарсыз еңбек етуге байланысты 45 заң бұзушылық тіркелді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КҚҚБ бастығы Рүстем Жарықбасов.
Қазақстанға келген шетелдіктер әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін белгіленген нормаларды орындауға міндетті.
– Тек шетелдік азаматтар ғана емес, жұмыс берушілер де жауапты екенін ұмытпаған жөн. Алматы облысында Қазақстан Республикасының 9 азаматы шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Алайда, мемлекет құқық бұзушыларды жазалап қана қоймай, проблемалардың алдын алу үшін жұмыс істейтінін атап өткен жөн. 3 күн ішінде 247 шетелдік есепке алынды. Сонымен бірге заңды бұзған 23 шетелдік қабылдау-тарату орнына жеткізілді. 4 қылмыстық іс тіркелді, – деп толықтырды Р. Жарықбасов.
Заңдылық, ашықтық және жауапкершілік – бұл ел азаматтары үшін де, оның қонақтары үшін де тұрақты болашақ құратын негізгі қағидаттар. Көші-қон заңнамасын сақтау – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі. Бұл нормаларды бұзу елдің беделіне нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар бұзушылар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жыл сайын Қазақстан шетелдіктер үшін барған сайын қызықты бола түсуде сонымен қатар олардың ел аумағында болуы және кедергісіз еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қарапайым ережелер бар. Бұл мәселелер заңнамамен реттелген, осыған байланысты көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске саламыз.
– Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының» 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке немесе заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер 517-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей «e-Qonaq» электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп түйіндеді Р.Жарықбасов.