⛅
20°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОШАҒЫ

    23.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОШАҒЫ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қасымбек ауылында «Тексан Қазақстан Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр бұйымдарын шығаратын зауыты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорынның құрылғанына 10 жылдан асты. Ауласы атшаптырым заманауи өндіріс орны бірнеше цехтан тұрады.

    Мұнда жарықдиодты шамның 100-ден астам түрі шығарылады. Оның ішінде кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі шамдар бар. Бұдан бөлек электр сымдары, ыңғайлы оқушы парталары, көшеге, саябақтарға арналған әдемі орындықтар, кеңсе сейфтері, төсек сияқты басқа да сапалы бұйымдар өндіріледі. Өнімнің 350-ден астам түрі тұтынушыға жөнелтілуде.  Бұйымға қажетті ою-өрнектер заманауи лазер қондырғысымен салынады.

    Алғашында 25 жұмысшымен ісін бастаған кәсіпорында жұмысшылар саны жыл санап артып, 200-ге жеткен болатын. Өнім көлемі ұлғайып, жаңа цехтар іске қосылған. Өндіріс үдерісі қалыпты жолға қойылып, бірнеше жыл қатарынан тұрақты дамыды. Зауыттың техникалық жарақтандырылуына жыл сайын шамамен 500 млн теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын өткен жылдары орта есеппен айына 200 мың бірлік өнім шығарып келді. Зауыт өнімдері өз елімізден басқа таяу шетелге, оның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстанға, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Латын Америкасына да экспортталды.

    Алайда нарықтағы сұраныстың құбылмалылығынан және әлемді жайлаған індеттік жағдайларға байланысты өндіріс көлемі кейінгі жылдарда біраз кеміді. «Тексан Қазақстан Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрмұхан Маделиевтің айтуынша, қазір зауытта 100-ден аса жұмысшы еңбек етеді. Әйткенмен, кәсіпорын өз қызметін нарықтағы жағдайға икемделіп жалғастырып келеді. Зауыт басшылығы болашақта өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті. Өйткені мұнда ең басты қағида – тек қана сапалы өнімдер шығару. Заман талабына сай отандық өнімді өрістету, жаңа технологиялар енгізуде өркениет көшінен қалыспау – бұл зауытқа тән үрдіс.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Биыл Алматы мен Жетісу облыстарында мың шақырымнан астам жол тексеріледі
    31.03.2026
    Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
    31.03.2026
    «Алатау дарыны»: Марат Сұлтанғазиев Қытайда білім алып жатқан Алматы облысының студенттерімен кездесті
    31.03.2026
    Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум
    31.03.2026
    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді
    31.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>