-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

    03.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Зейнетақы мен  жәрдемақы өседі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге, ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңге, базалық зейнетақы төлемі 32 360 теңге болып белгіленеді.

    Осыған байланысты, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 8,5%-ға арттырылады. Бұдан басқа, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 55 АЕК-ні (216 260 теңге) құрайды.
    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 205-бабына сәйкес, ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді. Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Яғни ең төменгі мөлшері ЕТКД-нің 70 пайызына (32 360 теңге), ал ең жоғарғы мөлшері ЕТКД-нің 110 пайызына (50 851 теңге) теңестіріледі (бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты).
    Бұдан басқа, ЕТКД-нің шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақылар 6,5%-ға арттырылады:
    – мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
    – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншыларына (қамқоршыларға) берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
    – бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы;
    – арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
    Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты балалы отбасыларға төленетін және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұқсас түрде 6,5%-ға арттырылады:
    – № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;
    – бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
    – бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
    – арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақылар;
    – бірге тұраты төрт және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
    – «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
    – жерлеуге арналған біржолғы төлем;
    – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар.
    Жоғарыда аталып өткен арттырулар Алматы облысы бойынша жалпы есеппен 497 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қатысты жүргізілетін болады (оның ішінде бүгінгі таңда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алып отырған 165 мың азамат, базалық зейнетақы 160 мың болса, қалған 172 мың азамат әлеуметтік төлем алушылар). Төлемдерді өсіру азаматтар тарапынан қайта есептеуге қосымша өтінішті талап етпей, жылдағыдай барлық төлемдерге қатысты автоматты режимде іске асырылады.

    Айдынжан Нарматов,
    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы

    Ұсынымдар

    Өрттен қаза тапқан орманшылар отбасыларына пәтерлер берілді

    Өрттен қаза тапқан орманшылар отбасыларына пәтерлер берілді

    2 years ago
    Дер кезінде қабылданған шешім

    Дер кезінде қабылданған шешім

    2 years ago
    Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

    Шелекте жанармай стансасы өртеніп, 1 адам зардап шекті

    1 year ago
    Ұйым жұмысы сараланды

    Ұйым жұмысы сараланды

    3 months ago
    Кәсіпкерлік әйелдерге жат емес

    Кәсіпкерлік әйелдерге жат емес

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>