-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    МӘЖІЛІСМЕН БАҚҚОЖАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫН ҚОЛДАУ СӨЗ

    03.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Өңір тынысы
    МӘЖІЛІСМЕН БАҚҚОЖАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫН ҚОЛДАУ СӨЗ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Мен еліміздегі ең қарт басылым, ғасырлық мерейтойын әлдеқашан атап өткен «Огни Алатау» газетінің өкілімін. Биыл бізге 105 жыл толды. Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары тарихындағы танымал басылымдардың бірі болғандықтан газетімізді қайталап таныстырудың қажеті шамалы. Біз өз дәстүріміз бен ұстанымымыз –халыққа шығармашылық тұрғыдан байыпты, мағыналы, сауатты ақпарат жеткізуден айнымаймыз. Бәлкім, оқырмандарымыз қолында сөздік болмай қалған кездері жазбаларын біздің мақалаларымызға қарап тексеретіні осы себептен де болар. Мен неге бұған баса назар аударып отырмын? Өйткені, ақпаратқа қол жеткізу саусақ қимылдатқаннан да оңай дүниеге айналған жоғары технология заманында қауіпті бір тенденция байқалады. Айтайын дегенім, сол ақпаратты жеткізу тәсілі, стилі мен грамматикалық тұрғысынан алғанда және қалыптасқан түсінік бойынша шынайылығына келгенде жаппай сауатсыздық белең алып барады.

    Заманауи технологиялар дәстүрлі журналистикадағы жаңалықты жеткізу тәсілдеріне балама әдістер ұсынып отыр. Өздерін журналист деп атайтын блогерлер де қатарымызға қосылып жатыр. Әрине, блогердің бәрі бірдей емес. Блогерлікпен журналистік білімі бар адам айналысса игі ғой. Бірақ мені қоғамда мәртебемізді журналист мамандығынан мүлдем алыс адамдармен теңестіріп қойғаны қынжылтады. Менің түсінігімде журналист – жан-жақты терең білімді, жоғары мәдениет пен интеллектіні талап ететін күрделі мамандық иесі. Журналист – ол әмбебап, талантты, адам жанын түсіне алатын қабылеті, терең білімі мен стилі бар адам. Журналистика – ол өмір сүру образы. Ол аумалы-төкпелі сезім емес, яғни, автобус жүргізушісі ұнамай қалса, жұмысынан бір кемшілік тауып, оны смартфонға түсіріп, интернетке жүктеп жіберіп, мыңдаған қаралым жинап алу деген сөз емес. Әлеуметтік желінің осы күнгі «жұлдыздарын» таразыда адам тағдыры тұрғаны ойландырмайды. Көп блогер – «журналистер» біздің кәсібімізде құқықтық және заңдық тұрғыда жауапкершілік, кәсіби этика мен парасаттылық деген түсініктер барын білмейді де. Хайп пен журналистика – екеуі мүлдем екі бөлек ұғым. Журналистің елге танылып, мойындалуы үлкен еңбек, талантпен және азаматтық ұстаныммен келетін дүние.

    Әңгімеге орай, мен өңірлерге көп шығамын, шынымды айтайын, сол кезде маған кәсібім мен тележурналистикада көп жыл атқарған қызметімнің көмегі тиеді. Аудиторияның маған сенетінін білемін, ал ол сенімнің құны қымбат.
    Бүгін zakon.kz сайтынан «Хайп пен жала жабу: депутат блогерлердің жауапкершілігін заңмен бекітуді талап етті» деген материал оқыдым. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сөзін қолдау үшін былтыр сөйлеген сөзімнен әдейі үзінді келтірдім. Өйткені мәжілісмен блогерлерді дәйексіз ақпарат таратқаны үшін жауап беруге шақыра отырып, қазіргі замандағы ең өзекті, нәзік проблемалардың бірін қозғап отыр. Заң шығару институты Анас Баққожаевтың азаматтық ұстанымы өте өзекті екенін ескеріп, көтерген мәселесін қаперіне алады деп үміттенемін.

    Ал мен журналист ретінде әріптестеріме «Егер біз мамандығымызды мәртебесінен, беделі мен имиджінен айырғымыз келмесе уақыт талабы мен технология көшіне ілесіп, толассыз ақпарат ағынымен жедел жұмыс істеуді үйренуіміз және ақпараттың қажеттілігін сезіне білуіміз керек. Сонымен қатар, шығармашылық қабылетіміз бен жоғары интеллектімізді, кәсіби этикамыз бен сауатымыздың жоғары екенін көрсете алуымыз керек. Біздің блогерлерден айырмашылығымыз бен күшіміз осыдан көрінеді. Біз өз еліміздің тағдырына, Қазақстанда жүргізіліп жатқан кейінгі реформаларға жауаптымыз. Демек, біздің әрбір сөзіміз салмақты, дәлелді, дәйекті болуы тиіс. Өйткені адам жанын емдейтін де, жаралайтын да – сөз. Дәл қазір біз ұйымдаса әрекет етуіміз керек. Менің бұл сөздерімді оқитындардың көбі кәсіпқойлар мен өз ісінің білгірі екеніне сенімдімін.

    Забира Сайдильдина, Қазақстанның Құрметті журналисі

    Tags: блогерблогерлікжурналистжурналистикакәсібилік

    Ұсынымдар

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

    6 months ago
    БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

    БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

    5 months ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

    10 months ago
    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    1 month ago
    Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>